Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл жұмыста Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) космофизикалық эксперименттік кешенінің қрамына кіретін CARPET қондырғысының негізгі техникалық сипаттамалары келтірілген. 2017-2024 жылдар аралығындағы жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген, сондай-ақ ғарыштық сәулелер ағындарының  тіркелген вариациаларын және геомагниттік және планетаралық орта параметрлерін талдаудың жекелеген аспектілері қарастырылған. Мақалада аталған университеттің ғылыми кешендегі CARPET детекторының модульдерімен тіркелген екінші ретті ғарыштық сәулелер ағындарының 2017, 2021, 2024 жылдардағы қуатты геомагниттік қозулар кезінде KP , AP, Dst геомагниттік индекстерінің FS Күн желінің плазмалық жылдамдығының және Жер үсті нейтрон мониторлардың деректерімен уақыттық вариациаларының салыстырмалы талдауы келтірілген. Зерттеу үшін Күннің жарқыл белсенділігі туралы деректер де пайдаланылды және оның графигі келтірілді. Геомагниттік қозулардың себебі болып табылатын Күн жарқылының сипаттамалары мен параметрлері қарастырылды. Сонымен қатар, магниттік дауылдар туралы деректер де келтірілді. Талдау нәтижелері көрсетілді, Форбуш-төмендеуі эффектісі айқындалып, оның сипаттамалары мен ерекшеліктері қарастырылды. Алынған нәтижелер ғарыштық сәулелер қарқындылығының вариациялары Күн бетіндегі қозулардан туындап, кейінгі геомагниттік өріс элементтерінің өзгерістеріне байланысты екені айтылды және көрсетілді.</jats:p>

Show More

Keywords

және геомагниттік сипаттамалары келтірілген ғарыштық

Related Articles