Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл жұмыста диабаз түріндегі минералды толтырғышпен модификацияланған аса жоғары молекулалы полиэтилен (АЖМПЭ) негізіндегі композиттік жабындардың құрылымына қышқыл ортаның әсері зерттелген. 10% диабазды АЖМПЭ матрицасына енгізу композиттік жабынның коррозиялық ортаға төзімділігін едәуір арттыратыны анықталды, бұл таза АЖМПЭ және толтырғыш құрамы жоғары композиттермен салыстырғанда ісінудің минималды деңгейімен расталады. Сканерлеуші электронды микроскопия (СЭМ) жабын құрылымында диабазаның біркелкі таралуын және агломерация мен жарықтар сияқты ақаулардың жоқтығын көрсетті. Инфрақызыл спектроскопия (ИҚС) және рентгендік дифракциялық талдау (РДТ) әдістері қышқылдардың әсерінен жабындардың кристалдылық дәрежесінің төмендеуін анықтады, бірақ материалдардың химиялық құрылымында айтарлықтай өзгерістер тіркелмеген, бұл олардың химиялық деградацияға төзімділігін растайды. Құрамында 10% диабаза бар композиттер ең жақсы химиялық төзімділікті көрсетті, бұл қышқылдардың диффузиясын болдырмайтын тосқауыл құрылымының қалыптасуымен байланысты. Алынған нәтижелер агрессивті орталарға төзімді жабындарды жасау үшін диабазды толтырғышпен АЖМПЭ қолдану перспективасын көрсетеді.</jats:p>

Show More

Keywords

АЖМПЭ бұл және химиялық толтырғышпен

Related Articles