Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Ғылыми мақалада қазақ поэзиясының көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің 1960-1990 жылдар аралығындағы шығармалары зерттеу нысаннына алынып, ондағы ұлттық құндылықтар арнайы қарастырылады. Ақынның сол кезеңдегі шығармалары арқылы қазақ руханиятына қосқан үлесі сөз болады. Халқымызға тән мінез, бітім - болмыстар, яғни ұлттық құндылықтар негізі көріктеу құралдар мен бейнелі сөздер аясында ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерделенеді. Ақын поэзиясы саяси-әлеуметтік лирика, философиялық лирика, азаматтық лирика, табиғат және махаббат лирикасы сынды тақырыптық - жанрлық түрлерге бөлінетіндігі сөз етіліп,  кейде тіпті бірнешеуі өзара тоғыса келіп, бір туындының аясында  көрініс табуы мысалдар негізінде дәлелденеді. 1960 - 1990 жылдар аралығындағы ақын поэзиясы бұрынғысына қарағанда сөз саптау үлгісі мен тілдің айшықты ажары жағынан байи түскені, ойы салмақтанып, ұлттық құндылықтарға қатысты философиялық пайымы тереңдеп, өзінің дара қолтаңбасын, стильдік ізденістерін барынша таныта түскендігі де айқындалады. Жұбан Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмаларындағы отансүйгіштік, туған ел мен жерге деген құрмет, ата-баба ғұрпын, сат-дәстүрін дәріптеу, туыстық қарым-қатынас пен бауырмалдылық, адал достық, қонақжайлылық, ата-анаға, әйел затына, қарындасқа, үлкен-кішіге деген ізет, яғни діни тұрғыдағы мұсылмандық имандылық қасиеттер, ана тілінің құдіреті, діл ұғымына саятын ұлттық құндылықтар көрініс тапқан. Мақала барысында ақынның азаматтық тұлғасы, өзіндік «Мені», лирикалық кейіпкер ретіндегі бітім-болмысы айқындалып, қазақ поэзиясындағы тұғырлы орны тың сипатта, жаңа көзқараста зерделенеді.</jats:p>

Show More

Keywords

ұлттық мен қазақ құндылықтар сөз

Related Articles