Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақал-мәтелдер – мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, ұлттың мәдени ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы, халықтың көркем ойын айшықтайтын фольклор.Ұтымды айтылып, қысқа қайырылатын даналық сөздер көне түркіден қалыптасқан, бұл – адамның сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туатын құбылыс. Халық арасында қолданыс негізінде мақал мен мәтелге айналып кеткен, ежелгі заманнан қазіргі уақытқа жеткен терең мағыналы ғибратты сөздерді қорытынды пікірлер деп қабылдауға негіз бар.Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің бірқатары, мәселен Махмұт Қашқари, Жүсіп Балас ағұн, Ахмет Йүгінеки қаламынан туған жәдігерлерде мақал-мәтелдер молынан ұшырасады. Орта ғасыр мұраларындағы мақал-мәтелдерді зерттеу арқылы түркілік дүниетанымды зерделеуге зор мүмкіндіктуады. Ескіні білу арқылы жаңаны тану, атадан қалған мұраны зерттеу, оларды қазақ халқының игілігіне пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы.Мақалада М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі мақал-мәтелдердің ерекшеліктері талданады.</jats:p>

Show More

Keywords

тану ғасыр зерттеу арқылы Мақалмәтелдер

Related Articles