Abstract
<jats:p>Қазіргі білім беруді цифрландыру оқу процесі барысында қалыптасқан мультимодальды деректер көлемінің қарқынды өсуімен қатар жүреді. Сабақтың бейнежазбалары, аудио үзінділері, оқытуды басқару жүйелеріндегі мәтіндік өзара әрекеттесулер (LMS), сондай-ақ пайдаланушы белсенділігінің телеметриясы оқытудың когнитивті ғана емес, сонымен қатар эмоционалды құрамдас бөлігін де көрсетеді. Білім алушылардың эмоциялары олардың қатысуының, қызығушылығының және материалды игеру тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Эмоцияларды дұрыс тану аудиторияның эмоциялық реакциясына қарай білім беру контентін динамикалық түрде бейімдеуге, стресс белгілерін немесе мотивацияның төмендеуін уақтылы анықтауға, соның нәтижесінде студенттердің сабаққа қызығушылығын сақтап, оқу үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста ЖОО-ның ғылыми тұрғыдан негізделген және іс жүзінде қолдануға болатын білім алушылардың эмоциялық жағдайын бақылау жүйесін әзірлеуге және әлемдік деңгейдегі ғалымдардың зерттеу жұмыстарына, яғни әдеби шолулар толық қарастырылады. Нәтижелері: Нәтижеде көретініміз зерттеудегі, айқындай келе білім беру ортасындағы эмоцияларды бағалаудағы жасанды интеллектті қолданудың маңызды жан - жақты қырларын жіктеп, саралап көрсетті. Нақты мәліметтер ықпалдар оқу үдерісіне тигізетін әсері жан-жақты қарастырылды. Ғылыми жаңалығы: Қарастырылған зерттеулерде қолданылатын нақты жасанды интеллект технологияларына негізделген. Ол білім беру ортасындағы эмоцияларды бағалау үшін қолданылатын әдістерді, құралдарды, алгоритмдерді және технологиялық тәсілдерді егжей-тегжейлі талдауды қамтиды, сонымен қатар жалпы білім беру, кәсіптік оқыту немесе қашықтықтан оқыту, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларге арналған арнайы білім беру сияқты белгілі бір салаларға бағытталғанын зерттейді. Практикалық құндылық: Қосымша деректерді (аудио, мәтін, сенсорлық көрсеткіштер) пайдалана отырып, мультимодальды моделдерге одан әрі көшу үшін әдістемелік ұсынымдар дайындау.</jats:p>