Abstract
<jats:p>Бұл жұмыста табиғи изохинолинді алкалоид — сальсолиннің селективті химиялық түрленулері зерттелді. N-пропаргилдеу реакциялары арқылы екі жаңа туынды синтезделді: 7-метокси-1-метил-2-(проп-2-ин-1-ил)-1,2,3,4-тетрагидроизохинолин-6-ол және 5-(2-(ди(проп-2-ин-1-ил)амино)этил)-2-метокси-4-винилфенол. Синтезделініп алынған жаңа қосылыстардың құрылымы ЯМР 1Н және 13С спектроскопия әдістерімен, сондай-ақ COSY (1H-1H) және HMQC (1H-13C) екі өлшемді спектрлерінің деректерімен дәлелденді. Зерттеу нәтижесінде синтезделген екі қосылыстың айқын радикалға қарсы белсенділікке ие екені анықталды. Алынған нәтижелер сальсолин туындыларын бағытталған құрылымдық модификациялаудың мүмкіндіктерін және бұл қосылыстардың органикалық синтез бен медициналық химия салаларындағы әрі қарайғы зерттеулер үшін перспективалы платформа екенін көрсетеді.</jats:p>