Abstract
<jats:p>Нанотехнология – өзінің ерекше функционалдылығымен және қолдану аясының кеңдігімен тез дамып келе жатқан саланың бірі. Наномедицина наноматериалдардың медицинада профилактикаға, ем іс шарасына қажетті құралдардың мүмкіншіліктерін зерттейді. Осы тұрғыда күмістің нанобөлшектері 1 және 100 нм диапазонында әртүрлі наноқұрылымға ие болы отырып, бактерицидтік, қатерлі ісікке қарсы ерекше қабілеттіліктер көрсетеді. Сонымен қатар, оларды ондіру экономикалық жағынан тиімді. Бұл мақалада күмістің нанобөлшектерінің синтездеудің бірнеше физикалық, химиялық, биологиялық әдістері қарастырлған. Нанобөлшектердің қабілеттері мен қасиеттері, биомедицинадағы рөлі кеңінен қарастырылған. Бөлшектердің синтездеудің соңғы уақыттағы прогресы материалдардың морфологиясын, дисперсиясын және тұрақтылығын арттыруды оңтайландыруды қажет етеді. Нанобөлшектердің пішіні, формасы мен қабілеттілігі олардың синтезделу әдісіне тәуелді. Күміс бөлшекетрін алудың физикалық, химиялық әдістерінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сонымен қатар, бқлшектерді алу барысында фотохимиялық әдістің маңыздылығы зор. Бұл әдіс күмістің фотохимиялық тотықсыздануға активтілігіне негізделеді. Фотохимиялық әдістің артықшылығы бөлшектердің өлшемі мен пішінін бақылауға, экономикалық тұрғыдан шығынды азайтуға, экологиялық таза болуымен ерешеленеді. Бұл әдеби шолу күмістің наноблшектерін синтездеудің әдістерімен қоса, физикалық, химиялық, қасиеттерін бағалауға мүмкіншілік беріп, фотохимиялық әдісті қолданудың артықшылығын көрсетеді. Әдістің биомедицинада да қолданысын кеңейтіп, фотототықсызданудың маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, магниттік қаптамаларға күміс бөлшектерін қосу оптикалық, электрлік және каталитикалық қасиеттерді өзгертіп қана қоймай, олардың сенсорлық, диагностикалық, микробқа қарсы қолдану аясында тиімділігіне оң әсер ете алады. Бұл мәселелерді шешу үшін қаптаманың құрамында нанокомпозиттің мөлшерін және қаптаманың қалыңдығының оңтайлы түрін анықтап, нақтылай келе материалды әзірлеу керек. Күмістің нанобөлшектерін синтездеу әдісі бөлшектердің сапасына тікелей әсер ететін болғандықтан тиімді әдісті дұрыс таңдау маңызды.</jats:p>