Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі таңда дәрілік заттарды жеткізу формалары алуан түрлілігімен сипатталады және олардың биологиялық қолжетімділігі бойынша елеулі айырмашылықтары бар. Таблеткалар, капсулалар, гельдер, аэрозольдер, майлар, сироптар, пластырьлер мен инъекциялар сияқты дәстүрлі дәрілік формалармен қатар, шырышты қабаттарға бекіне алатын мукоадгезивті жүйелер ерекше ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады. Шырышты қабаттың қан тамырларымен жақсы қамтамасыз етілуі, жұқалығы және жоғары өткізгіштігі дәрілік заттардың ағзаға тиімді енуіне мүмкіндік береді. Алайда оның үнемі ылғалды болуы мен физиологиялық қозғалғыштығы дәстүрлі дәрілік формалардың ұзақ сақталуын шектеп, терапиялық әсердің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты мукоадгезивті дәрілік жүйелерді дамыту және олардың қасиеттерін жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. Осы жұмыстың мақсаты – геллан мен цистеиннің өзара әрекеттесуі негізінде алынған кешенді қолдана отырып, медициналық мақсаттағы мукоадгезивті дәрілік формаларды әзірлеу және олардың қасиеттерін зерттеу. Жұмыс барысында геллан–цистеин жүйесінің әртүрлі мольдік қатынастарындағы кешендері алынып, олардың құрылымдық және функционалдық ерекшеліктеріне синтез шарттарының әсері зерттелді. Алынған кешендер Эллман әдісімен және инфрақызыл спектроскопия әдістері арқылы сипатталды. Сонымен қатар, геллан–цистеин кешені мен карбопол 940 негізінде мукоадгезивті гидрогельдер дайындалып, олардың реологиялық қасиеттері вискозиметрия әдісімен бағаланды. Гидрогельдердің мукоадгезиялық қасиеттерінің олардың құрамы мен кешендегі тиол топтарының мөлшеріне тәуелді екені анықталды. Алынған нәтижелер стоматологиялық және басқа да шырышты қабат ауруларын емдеуге арналған мукоадгезивті гидрогельді дәрілік формаларды әзірлеу үшін геллан–цистеин кешендерінің перспективалы екенін көрсетеді және бұл жүйелердің фармацевтика мен биомедицина салаларында қолдану мүмкіндігін кеңейтеді.</jats:p>

Show More

Keywords

және дәрілік олардың мен мукоадгезивті

Related Articles