Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Фенолды қосылыстар тотығу стрессімен, қабыну үдерістерінен немесе қартаю кезеңінен туындаған созылмалы ауруларға әсер ететін биобелсенді қосылыстар. Бұл қосылыстар реттеуші функциясын атқаратын ақуыздарға плеотропты әсер көрсетеді. Бұл қосылыстар созылмалы аурулардың өршуінен пайда болатын қант диабеті, семіру, остеоартрит, атеросклероз, Кронь ауруына, сонымен қатар гипертония, терінің гиперпигментациясы,  Альцгеймер ауруына да қарсы белсенділікке ие екендігі белгілі. Cпектрофотометрия әдісінің көмегімен Folin-Ciocalteu реактивін қолдану арқылы Қазақстан флорасында өсетін көпжылдық шөптесін өсімдіктердің  (P. tuberosa, A. setacea) фенолдық қосылыстарының мөлшері анықталды. Фенолдық қосылыстардың жиынтық мөлшері галл қышқылының градуирлеу графигін қолдана отырып есептелді. P. tuberosa өсімдігінің түрлі мүшелеріндегі фенолды қосылыстардың жиынтық мөлшерін салыстыра талдағанда, жапырағы (19,88%) мен гүліндегі (18,06%) полифенолдар мөлшері басымдыққа ие болды. Салыстырмалы талдау A. setacea өсімдігінің жапырағындағы (11,83%) фенолдық қосылыстар мөлшері гүл, тамыр, сабағымен   салыстырғанда жоғары екендігі анықталды. P. tuberosa өсімдігінің түрлі мүшелеріндегі фенолдық қосылыстар жиынтық мөлшері A. setacea өсімдігімен салыстырғанда жоғары мәнге ие. Мақалада дифференциалдық спектрофотометрия көмегімен осы аталған өсімдіктердің гүл, сабағы, жапырағы мен тамырындағы флавоноидтар мөлшерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілді. Әрбір зерттеу нысаны үшін алынған жұмысшы және салыстырмалы ерітінділердің электрондық спектрлері салыстырылып, жұтылу максимумдары мен батахромды ығысудың пайда болуы талданды.</jats:p>

Show More

Keywords

қосылыстар мөлшері ие tuberosa setacea

Related Articles