Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бейтарап ортада күкірт–графитті композиттік электрод пенкадмий электродының электрохимиялық қасиеттері зерттеліп, процестің тиімдіпараметрлері анықталды. Электрохимиялық синтез әдісі дәстүрлі термохимиялықтәсілдермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие, соның ішіндепроцестің төмен температурада жүруі, реакцияны басқарудың қарапайымдылығыжәне қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың аз болуы.Эксперименттік қондырғыда катод материалы ретінде құрамында күкіртібар күкірт–графитті электрод (СГЭ) қолданылды. Электролиз барысында осыэлектродта тотықсыздану реакциясы жүріп, сульфид-иондары түзілді. Анодматериалы ретінде кадмий пластинасы пайдаланылды. Анодтық поляризацияланған кадмий ерітіндіге Cd²-иондары түрінде өтіп, электролит көлеміндегісульфид-иондарымен (S²-) әрекеттесіп, нәтижесінде ерітінді түбінде CdS тұнбасытүзілетіні анықталды.Электролиз Na2SO4ерітіндісінде жүргізілді. Процестің негізгі параметрлеріретінде ток тығыздығы мен электролиз ұзақтығы зерттелді, сондай-ақ алынғанCdS өнімінің элементтік құрамына талдау жасалды. Синтез нәтижесінде сарытүсті гексагональды және кубтық фазалардың қоспасынан тұратын CdS тұнбасыалынды.Үлгілер ультракүлгін–көрінетін спектрофотометрия әдісімен зерттелді,ал тұнбаның морфологиялық және құрылымдық сипаттамалары сканерлеушіэлектрондық микроскопия (SEM) көмегімен анықталды.Зерттеу нәтижелері кадмий сульфидінің электрохимиялық синтезі қарапайымәрі жоғары тиімді әдіс екенін көрсетті. Алынған кадмий сульфиді жұқа қабаттытехнологияларға негізделген күн панельдерін өндіруде n-типті өткізгіш қабатретінде, сондай-ақ детекторларда, фотоэлектрлік элементтерде және электрондыққұрылғыларда қолданылатын оптикалық кристалдарды өсіру үшін компонентретінде пайдаланылуы мүмкін.Сонымен қатар кадмий сульфиді пластмассаларға арналған пигмент ретінде,электроника өндірісінде, оптикалық құрылғыларда, сцинтилляторларда, пьезожәне пироэлектрлік материалдарда, сондай-ақ наноматериалдарды синтездеугеарналған қоспалар құрамында қолданылуы мүмкін. Оның қолданылуыныңперспективалы бағыттарына фотосенсорлар, күн элементтері және оптоэлектрондық жүйелер жатады.</jats:p>

Show More

Keywords

кадмий және сондайақ күкіртграфитті электрод

Related Articles