Abstract
<jats:p>Ғылыми мақалада ақ портландцемент клинкерін алу үшін үш компонентті шикізат қоспа құрамдарды есептеу және клинкердің ақтық дәрежесін анықтау нәтижелері көрсетілген. Зерттеу елімізде жинақталған өндіріс қалдықтарды кәдеге жарату және декоративті құрылыстарға қажетті жоғары сапалы ақ портландцемент алу мүмкіндігін қарастыру мақсатында өте өзекті болып табылады. Себебі, әлемде сәулет жобалардың жоғары эстетикалық құндылығының артуы, құрғақ құрылыс қоспа материалдардың беріктігін арттыру, экологиялық таза материалға кызығушылықтың артуымен байланысты. Зерттеу жұмыстары заманауи X-Ray S8 TIGER рентгендік флуоресценциялық құралды пайдаланып шикізат материалдардың химиялық құрамы анықталды, «Шихта» бағдарламасының көмегімен шикізат қоспа құрамын есептеу орындалды. Алынған клинкер құрамындағы бос СаО мөлшері ГОСТ 5382–2019 талаптарына сәйкес және клинкердің ақтық дәрежесін Р3-ТБМС-M құрылғысының көмегімен анықталды. Жүргізілген есептеу нәтижесінде, «Әктас + каолин Көкшетау + электротермофосфор шлагы» және «Әктас + каолин Ангрен + электротермофосфор шлагы» шикізат қоспаларының құрамына 5–35 % мөлшерде электротермофосфор шлагын ендіру мүмкіндігі ұсынылды. Ақ портландцемент клинкерлерін алу үшін дайындалған шикізат қоспалардағы клинкер түзілу процессі 1450-1500 ℃ температурада толық аяқталғаны және құрамындағы байланыспаған бос CaO мөлшері 0,27–1,62 % аралығында болғандығы дәлелденді. «Әктас + каолин Көкшетау + электротермофосфор шлагы» шикізат қоспасынан алынған клинкерлердің ақтық дәржесі 74,1–78,1 % болды. Бұл жалпы 2-ші дәрежелі ақ цементтерді алуға жарамды клинкерлер, «Әктас + каолин Ангрен + электротермофосфор шлагы» шикізат қоспасынан алынған клинкерлердің ақтық дәржесі 71,4–82,1 % болды. Бұл жалпы 1-ші және 2-ші дәрежелі ақ цементтерді алуға жарамды клинкер алынғандығы анықталды.</jats:p>