Abstract
<jats:p>Бұл мақалада жоғары тығыздықтағы полиэтиленге металлургиялық қалдықтар – хром-шпинельді ұнтақ (ХШҰ) қосылған композитті материалдардың (HDPE/10%, 20%, 30% ХШҰ) кинетикалық қасиеттерін Netzsch Kinetics Neo бағдарламасы арқылы болжау нәтижелері ұсынылған, ол үшін бастапқы дерек ретінде термогравиметриялық анализ (ТГА) мәліметтері пайдаланылды. ТГА кезінде болатын реакция қарапайым 1ші ретті Fn реакциясына сәйкес келеді. ТГА деректері бойынша үлгілердің активациялық энергиялары анықталды. Netzsch Kinetics Neo бағдарламасында изотермиялық қисықтар бойынша, изотермиялық қызмет ету уақыты қисықтары және динамикалық қисықтар арқылы бірнеше кинетикалық қасиеттеріне болжам жасалды. Әсіресе, динамикалық режим кезінде әртүрлі қыздыру жылдамдығын бекіте отырып, өрт кезіндегі жүйе сипаттамалары алынып, салыстырылды. ХШҰ концентрациясына байланысты термиялық тұрақтылықтың өзгеруі монотонды емес. 10% ХШҰ қосылған үлгінің қалдық массасы аталған температурада айтарлықтай төмендеп, қарқынды деградация төменгі температураларға ауысады. Ал толтырғыш концентрациясын 20% дейін арттырғанда, керісінше, үлгінің қалдық массасы таза үлгіге қарағанда артады, бұл толтырғыштың тұрақтандыру әсерін және қорғаныш қабатының түзілуін көрсетеді. 20% және 30% ХШҰ қосылған үлгілерінде қалған массадағы айырмашылықтар айтарлықтай емес, бұл толтырғыштың шекті концентрациясына жеткенін білдіреді. Қызмет ету уақытын модельдеу нәтижелеріне сәйкес, таза үлгімен салыстырғанда ХШҰ қосылған материал концентрация артқан сайын термиялық тұрақтылығын арттырады, айтарлықтай маңызды оң өзгерістер 20 пайыздық үлгіде көрінеді. Динамикалық режимде ХШҰ концентрациясы артқан сайын ыдыраудың 0,7 деңгейінен бастап, ыдырау температурасы, уақыты артады. Төмен қыздыру жылдамдықтарында 0,7 ыдырау деңгейіне дейін уақыт, температураның концентрацияға тәуелділігі аса байқалмайды. Зерттеу нәтижелері басқарылатын функционалды қасиеттерге ие жаңа өртке төзімді материалдарды алуға мүмкіндік береді.</jats:p>