Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қос галогенді перевоскиттер энергетикада келешегі бар материалдардың бірі болып есептелінеді. Соңғы жылдары бұл материалдар күн энергетикасы, жарық шығаратын диодтар, фотодетекторлар және фотокатализ салаларында ерекше қызығушылық тудырып отыр. Олардың басты артықшылығы – экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы, құрамында улы қорғасынның болмауы және физика-химиялық қасиеттерін, құрамын өзгерту арқылы тиімді басқару мүмкіндігі. Мақалада қос галогенді перовскиттер қатарындағы Cs2Ag0.2Na0.4In0.6Ti0.4Cl2 күрделі көпкомпонентті материалдың электрондық қасиеттерін бірінші принциптік есептеу әдістері негізінде зертелді. Есептеулер Density Functional Theory (DFT)  негізінде құралған Quantum ESPRESSO бағдармалық пакетінің графиқалық интерфейсі Burai 1.3.1 бағдарламасында жасалынды.  Зерттеу бағыттары, перовскит зоналық құрылымың есептеу, яғни валенттік және өткізгіштік аймақтарының дисперсиясы анықталу (VBM және CBM), тиым салынған аймақ ені анықтау (Eg), электрондық күйлерлердің тығыздығы (Density of states – DOS)  анықтау, талдау, әртүрлі материалдардың энергетикалық аймақтарын қалыптастыруға қосқан үлестерін анықтау, әсіресі ауыспалы Ti мен Ag сияқты ауыспалы металдардың әсерін бағалау үшін маңызды, сонымен қатар перевоскиттердің жарық сіңіру қаситтерін бағалау. Алынған нәтижелер материалдың жарық сіңіру қабілетін болжауға және оның фотоэлектрлік құрылғыларда қолдану мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мақала Ti және Na сияқты элементтерді қос галогенді перовскиттерге еңгізу арқылы олардың электрондық қаситтерің реттеу жолдарын терең түсінуге, болашақта жоғары тиімді және тұрақты перовскитті материалдарды жобалауға ғылыми негіз бола алады. Сонымен қатар алынған нәтижелер болашақта эксперименттік зерттеулермен салыстыруға және жаңа функционалдық материалды синтездеу стратегиясын анықтауға маңызды бағыт-бағдар береді.</jats:p>

Show More

Keywords

және галогенді жарық электрондық анықтау

Related Articles