Abstract
<jats:p>Оқу-далалық практика педагог-географтарды даярлауда ерекше орын алады, өйткені ол оқыту үдерісінде теория мен практиканы байланыстыратын кәсіби дамудың бастауы болып табылады. Оқу-далалық практика білім алушылардың географиялық кәсіби қызметтің ерекшелігін көрсететін негізгі, базалық, жалпы кәсіби және бейіндік-мамандандырылған құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сол себептен, оқу-далалық практиканың теориялық білімді дамытудағы рөлі мен тиімділігін анықтау маңызды. Мақаланың мақсаты - білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы оқу-дала практикасының рөлі мен тиімділігін анықтау болып табылады. Болашақ география мұғалімін даярлау процесінде далалық практиканың маңыздылығын талдау міндеті тұр. Оқу-дала практикасынан өту барысында білім алушы мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін айқындайды. Мұның өзі білім алушының кәсіби әрекеті практика барысында жетілетіндігін көрсетеді. Мақалада білім алушылардың өздері таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті алу үшін оқу-дала практикасының қажеттілігі қарастырылды. Географиялық далалық зерттеулердің ерекшеліктері мен маңызы туралы білім алушылардың түсініктері зерттеліп, сараптамалық талдау жүрзілді және зерттеу нәтижелерімен қорытынды жасалды. Сондай-ақ, практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерді дамытудағы оқу-далалық практиканың үлесі айқындалды. Осы орайда, педагогикалық жоғарғы оқу орындары бойынша 2-4 курс білім алушыларының «оқу-далалық практиканың теориялық білімді дамытудағы рөлі мен тиімділігі» туралы пікірлерін анықтау үшін «Google forms» бағдарламасы арқылы сауалнама жүргізілді. Сауалнамалық зерттеулердің негізінде, білім алушылардың теориялық білімдерін бекіту мен тереңдетуде және педагогикалық практика мен болашақ кәсіби қызметі барысында далалық зерттеу әдістерін меңгерген, кәсіби құзыреттілікке ие маман болу үшін оқу-дала практикасының маңыздылығы ашып көрсетілді.</jats:p>