Abstract
<jats:p>Ұсынылған мақалада балалардың мектепке психологиялық-педагогикалық даярлығын диагностикалау үрдісінің сандық форматқа ауыстырылу сынақтары сипатталады. Жаңа әлеуметтік ортаға ену және бейімделу үшін қажетті алғышарттарды зерттеу – кешенді түрде жүзеге асырылатын ауқымды үрдіс. Оны дәстүрлі формада өткізудің субъективті қатынасынан туындайтын мәселелер шеңберінде, үрдісті оңтайландыру идеясы туындады. Ғылыми жобаға айналдырылған осы идея Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің «2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру» конкурсына ұсынылды және қаржылық қолдау тапты: «AP19677493 – Білім беру мекемелерінде балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау үшін «I-psychodiagnostics.kz» Smart (платформа) қамтамасыз етуді әзірлеу». Мектепке даярлық диагностикасын сандық форматқа ауыстыру үрдісін зерттеу аясында келесі мәселелер анықталды: диагностикалық құралдар кешенін жасау; платформа құру; қолданушыларды дайындау. Ұсынылып отырған мақалада диагностикалық құралдар кешенін жасау үрдісі қарастырылды. Тестік батареяларды сандық форматта қолдану тиімділігін тексеру барысында қосалқы қолайсыздықтардың туындайтыны тіркелді. Сынақтарды орындау кезіндегі баланың дербестігін қамтамасыз ету; ата-аналардың үрдіске орынсыз араласуы; баланың алаңдауы немесе сынаққа толыққанды қатыспауы сынды процедуралық мәселелерден өзге, негізгі әдістемелік шарттар талданды. Олар – балалардың мектепке психологиялық-педагогикалық даярлығын диагностикалау үрдісінде аса маңызды болып табылатын «мектепалды дағдарысының» өтуі, қолдың ұсақ моторикасы және кеңістікті бағдарлау мәселелері. Сандық форматтағы мектепке даярлық диагностикасының тиімділігін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір парасы – әдістемелерді жинақтау, іріктеу, онлайн-өтуге бейімдеу іс-шаралары тестік тапсырмалардың валидтілігін сақтай отырып, ықшамдауды міндеттейді. </jats:p>