Abstract
<jats:p>Мақалада оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қаржылық-экономикалық мазмұндағы мәтіндік есептер арқылы дамыту мен бағалаудың маңызды мәселелері қарастырылады. Мектеп математика курсындағы қаржылық-экономикалық тақырыптарға негізделген күрделі мәтіндік тапсырмаларды шешудің тиімді әдістері зерттеледі және оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейі мен дағдыларын объективті бағалауға мүмкіндік беретін бағалау критерийлері ұсынылады. Зерттеу шеңберінде ұсынылған әдістердің тиімділігі оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны айтылады. Қаржылық мазмұндағы мәтінді есептерді шешу процесі оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға және функционалдық математикалық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушыларға қарапайым және күрделі қаржылық мәселелерді жеке шешуге қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Олар қаржылық тәуекелдерден сақтануға, несиелердің қауіптілігі мен жеке қаржылық жоспарлаудың маңыздылығын түсінуге үйренеді. Бұл заманауи шынайы өмірде қаржылық-экономикалық мәселелер аясында саналы түрде дұрыс шешімдер қабылдай алатын жаңа буынды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері оқыту үдерісін жетілдіруге және оқушылардың жалпы білім сапасы мен қаржылық сауаттылықтарын арттыруға елеулі үлес қосады. Зерттеу барысындағы қарастырылған материалдар оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын дамытуға және бағалауға қызығушылық білдіретін математика пәнінің мұғалімдеріне пайдалы құрал болып табылады.</jats:p>