Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты - жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, инновациялық ойлауға бейім тұлға қалыптастыру. Бұл мақалада биология пәнін оқытуда инновациялық құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Инновациялық құзыреттілік - білім алушының білімін өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу, жаңа ақпаратты талдап, оны шығармашылық тұрғыдан игеру қабілетімен сипатталады. Биология пәні білім алушылардың ғылыми дүниетанымын, зерттеу дағдыларын, экологиялық мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан оны оқытуда заманауи технологияларды қолдану, цифрлық білім ресурстарын пайдалану, зертханалық және жобалық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы білім алушылардың инновациялық қабілеттерін жетілдіру қажет. Мақалада биологияны оқытуда қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдерге - жобалық оқыту, проблемалық оқыту, саралап оқыту, STEM технологиялары, цифрлық платформалар мен интерактивті құралдар кіреді. Бұл тәсілдер білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып, дербес ойлау мен зерттеу қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі инновациялық оқытудың табысты жүзеге асуына ықпал ететіні айтылады. Зерттеу нәтижесінде биология сабақтарында инновациялық әдістерді жүйелі қолдану білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми-шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретіні анықталды. Мақалада ұсынылған әдістемелік ұсыныстар мен тәжірибелік мысалдар биология пәні мұғалімдеріне оқу үрдісін жетілдіруде, білім алушылардың инновациялық құзыреттілігін қалыптастыруда бағыт-бағдар береді. Мақала нәтижелері биология мұғалімдерінің кәсіби дамуын ұйымдастыруда, біліктілікті арттыру курстарында және педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу процесінде пайдалануға ұсынылады. Эксперименттік жұмыс Шымкент қаласы, Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті базасында жүргізіліп, биология пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі дәлелденді.</jats:p>

Show More

Keywords

білім инновациялық биология алушылардың оқытуда

Related Articles