Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазақстан мектептерінде білім берудің STEM(Science, Technology, Engineering, Mathematics) контекстіндегі жаңартылған мазмұнына көшу жүзеге асырылуда. Ол үшін оқу бағдарламаларына жаңа технологиялардың, ғылыми инновациялардың, математикалық модельдеудің қолданысын дамытуға бағытталған STEM-элементтер енгізілуде. STEM мектепте және одан тыс жерлерде жобалық және оқу-зерттеу қызметін жүзеге асыру бағыттарының бірі болып табылады. STEM-білім беруді енгізудің көптеген тәсілдері бар, мысалы, қосымша білім беруді ұйымдастыру: үйірмелер, класстар және т.б. Мұнда оқу бағдарламасы білім алушыларды пәнаралық және жобалық тәсілдер арқылы оқыту идеясына негізделген. Қазіргі таңда білім беру робототехникасы әлем бойынша орта мектептерде оқушыларды ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) ұғымдарымен таныстыратын танымал білім беру құралына айналды. Біздің еліміздің мектептерінде білім беру робототехникасына байланысты бөлімдер ақпараттық сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және  информатика курстарына енгізілді. Сонымен қатар, білім алушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқу жоспарында арнайы сағаттар бөлінеген. Бұл мақалада Arduino және NodeMCU ESP8266 негізіндегі білім беру робототехникасына арналған жинақтардың ерекшеліктері, оқу үрдісінде қолданылуы және сол кезде оқытушылар мен білім алушыларда осы жинақтарды қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде  туындайтын әртүрлі мәселелер мен қиыншылықтар талқыланған. Сонымен қатар, орта мектептің информатика курсының жаратылыстану-математика бағытында «Заттар интернеті (IoT)» тақырыбын оқыту барысында қолданылатын «Заттар интернеті қосымшасы» атты білім беру ресурсы ұсынылып, оны оқу үрдісінде қолдану ерекшеліктері сипатталған. Білім беру ресурсын дайындау үшін Node-RED құралы және NodeMCU ESP8266 микроконтроллері қолданылды. Заттар интернеті құрылғыларының арасында байланыс MQTT хаттамасы арқылы жүзеге асырылды.</jats:p>

Show More

Keywords

білім және оқу беру жүзеге

Related Articles