Abstract
<jats:p>Аңдатпа. Бұл мақалада мессенджерлер арқылы таратылатын мәтіндік хабарламаларды интернет-алаяқтықтан қорғаудың жаңа үлгісі ұсынылады. Қазіргі цифрлық ортада алаяқтық әрекеттердің түрлері мен көлемінің артуы, әсіресе Қазақстан Республикасында мессенджерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін өзекті етіп отыр. Зерттеу барысында QazNLTK кітапханасы негізінде токенизация жасалып, мәтіндерді салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Бұл тәсілдер алаяқтық қатері бар хабарламаларды анықтау мүмкіндігін тексеруге бағытталды. Ұсынылған үлгі кіріс хабарламалардағы қауіпті белгілерді айқындайтын алгоритмге сүйенеді. Эксперименттік сынақ нәтижелері бір типтегі хабарламалар арасындағы ұқсастық шамамен 75%-ға жеткенін көрсетті. Мысалы, «Сіздің хабарламаңыз күдікті әрекеттерге қатысты» сияқты үлгі мәтіндер модельдің тиімділігін айғақтайды. Сонымен қатар, жалған хабарламалардың таралу арналары мен механизмдерін талдау азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын айқындады. Зерттеу нәтижелері модельді одан әрі жетілдіру үшін кеңейтілген деректер жиындарын пайдалану, машиналық оқыту әдістерін енгізу және нақты уақыт режимінде тестілеу қажеттігін көрсетті. Мақалада баяндалған тұжырымдар мен нәтижелер мессенджерлер қауіпсіздігін арттыруға және интернет-алаяқтыққа қарсы жаңа қорғаныс тетіктерін қалыптастыруға негіз болатын алғашқы қадамдардың бірі ретінде қарастырылады.</jats:p>