Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Аңдатпа. Бұл мақалада Құмкөл мұнайынан алынған вакуум газойлді каталитикалық крекингтеу және алынған өнімдердің қасиеті бойынша жан-жақты жүргізілген зертеулердің нәтижелері келтірілген. Шикізаттың физика-химиялық қасиеті алынған өнімдердің сапасы мен шығымына, яғни өңдеу тереңдігіне тікелей әсер етеді. Себебі шикізат құрамының жеңіл болуы мақсатты өнім шығымының артуына және катализатордың көп жұмыс жасауына алып келеді. Тәжірибелер шикізат беру жылдамдығы және температураның өзгеруімен жүргізілді. Шикізаттың беру жылдамдығы катализатордың жүктелген көлеміне байланысты анықталады. Катализатор келесідей қатынасы алынды: шикізат = 1 көлем катализатордың бір бөлігіне: 0,5÷2 көлем шикізаттың бөлігі. Циклдің жұмыс бөлігінің ұзақтығы, яғни шикізатты үздіксіз беру кезеңі катализатордың белсенділігімен, шикізатты беру жылдамдығы және ондағы шайырлы заттардың құрамымен анықталады. Тәжірибенің жалпы ұзақтығы талдау үшін кемінде 200-250 мл сұйық өнімнің болуы қажеттілігімен анықталды, яғни циклдар саны 1-2. Реактордағы температура 490-550оС аралығында сақталынды. Дистилляттың шайырлылығына байланысты (силикогельді шайырлардың құрамы 0,8% масс.) крекинг процесінде салыстырмалы түрде қатаң режимді қолдануға болады: реакция аймағындағы температура 4920С, айналым еселігі 5,1:1,0, шикізатты берудің массалық жылдамдығы 2,0 сағ-1, рециркуляция коэффициенті 1,3. Мақсатты өнім автомобиль бензинінің шығымы 42,8% құрады, октан саны мотор әдісімен 82 және зерттеу әдісімен 89-ға тең болды.</jats:p>

Show More

Keywords

және катализатордың беру жылдамдығы алынған

Related Articles