Abstract
<jats:p>Аңдатпа. Соңғы жылдары қоршаған ортаға зияны аз, биосәйкестігі жоғары материалдарды әзірлеу бағытындағы зерттеулер айтарлықтай қарқын алып келеді. Бұл әсіресе ауылшаруашылық қалдықтарын қайта өңдеу арқылы қосымша құндылыққа ие өнімдер алуға ұмтылумен байланысты. Зығыр сабағы — құрамында целлюлоза мөлшері жоғары, жаңартылатын табиғи ресурс, оны өңдеу арқылы экологиялық таза биополимерлер синтездеуге болады. Зерттеу барысында зығыр сабағынан алынған целлюлоза хитозан, натрий альгинаты және глицерин сияқты табиғи полимерлермен және пластификаторлармен біріктіріліп, құрылымдық және функционалдық қасиеттері жақсартылған биологиялық жабындар алынды. Мұндай композициялық материалдар механикалық беріктігі, жоғары биосәйкестігі, гидрофильділігі және антимикробтық белсенділігі арқылы ерекшеленеді. Әсіресе хитозан мен куркуминнің қабынуға қарсы және бактерияға қарсы қасиеттері алынған жабындардың жара жазу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондықтан синтезделген биопласт үлгілері биомедициналық салада, соның ішінде жара таңатын материалдар, тері регенерациясына арналған жабындар және тін инженериясында қолдану үшін перспективалы болып табылады. Бұл жұмыс ауылшаруашылық қалдықтарын ұтымды пайдалану мен экологиялық таза биоматериалдарды дамытуға бағытталған маңызды ғылыми қадам болып саналады.</jats:p>