Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада күнделіктің жанрлық ерекшелігі жан-жақты талданады. Аталған жанр бойынша зерттеуші ғалымдардың пікірі сараланып, тұжырым жасалады. Күнделіктің естелік, очерк, хат жанрларымен ортақ қасиеттері нақты зерттеулер негізінде қарастырылып, оны оқыту ерекшеліктері берілген. Күнделік жанрының деректілік және шығармашылық құндылығы мен білім алушыларды тәрбиелеудегі маңызы нақты эксперименттік талдаулармен көрсетіліп, нәтижесі айқындалған.Жалпы, күнделік – жеке адамның ішкі жан дүниесін, өмірлік тәжірибесін, ой-толғанысын, әлеуметтік көзқарасын бейнелейтін жанр түрі. Ол әрі өмірбаяндық, әрі шығармашылық сипатқа ие. Қазіргі білім беру жүйесінде күнделік жанры оқушылардың тілдік, шығармашылық және рефлексивтік дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге, тұлғаның өзін-өзі тануы мен жеке дамуын бақылауға мүмкіндік беретін тиімді әдістердің бірі. Күнделік жазу арқылы білім алушылар өз эмоциясын, ойларын талдап үйренеді және сауаттылық қалыптасады. Ал, аталған жанрды қазіргі цифрлық дәуірдегі өзгерістермен қарастырар болсақ, блогтар мен әлеуметтік желілердің кең таралуы күнделік жанрының түрленген формасын қалыптастырып, білім алушыларды заманауи коммуникацияға бейімдейді.Мақалада осы мәселелер ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан талданып, аталған жанр арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және психотерапиялық мүмкіншілігін анықтау жұмыстары жүргізілген.</jats:p>

Show More

Keywords

білім және шығармашылық жанр мен

Related Articles