Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Аңдатпа Соңғы жылдары білім беру саласына инновациялық тәсілдер мен әдістемелердің көптеп енуі оларды жан жақты зерттеп, тиімділігін   саралау қажеттілігін туындатып отыр. Ұсынылып отырған мақалада Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі зерттеуге негізделген оқытудың қазіргі таңдағы мәртебесі және оның үздіксіз білім алуды дамытудағы рөлі қарастырылған. Зерттеуге негізделген оқытудың әлемдік және отандық білім беру саласы үшін маңызы айқындалып, білім сапасын  көтеру жолында жүргізіліп жатқан іс шаралар нақтыланған. Шетелдік және отандық зерттеушілердің тақырып аясындағы жұмыстарына шолу жасалып, салыстырмалы талдау берілген. Қазақстанның оңтүстік өңірінде орналасқан жоғары және орта білім беру ұйымдарындағы зерттеуге негізделген оқытуды қолдану үрдісі мен оның үздіксіз білім алуға тигізер әсері бойынша зерттеу жүргізіліп, көзқарас сараланған. Нәтижесінде зерттеуге негізделген оқыту мен үздіксіз білім алу үнемі бірге бір бірін толықтыра жүретін ұғымдар екені көрсетілген. Сондай-ақ, зерттеу барысындора белгілі болған осы мәселе аясында жетілдіруді талап ететін шектеулер айқындалып, болашақтағы зерттеулерде есепке алынуы тиіс тұстары нақтыланған. Зерттеуге негізделген оқыту білім мазмұнына енгізілген заманауи оқыту әдістерімен қатар өз деңгейінде дұрыс бағытта қолданылған жағдайда, елдің ғылыми әлеуетін арттыруда, коммерциализациялауда мол өзгерістер әкеледі деген қорытындылар келтірілген.</jats:p>

Show More

Keywords

білім негізделген және беру мен

Related Articles