Abstract
<jats:p>Қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балалардың байланыстырып сөйлеуін мақсатты және жүйелі дамыту — педагогикалық практиканың басым бағыттарының бірі. Байланыстырып сөйлеу баланың когнитивтік, тұлғалық және әлеуметтік жетілуінің көрсеткіші ретінде маңызды рөл атқарады. Осыған орай мақалада мектеп жасына дейінгі ортаңғы топ балаларының байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіруде мультисенсорлық әдістердің ғылыми-әдістемелік және қолданбалы мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — мультисенсорлық әдістерді педагогикалық үдерісте тиімді қолдану арқылы балалардың тілдік белсенділігі мен коммуникативтік дағдыларын арттыру жолдарын анықтау және ғылыми негіздеу. Теориялық-әдіснамалық негіздер ретінде Б.Баймұратова, К.М. Метербаева, Қ.М. Меңдаяқова, Л.П.Федоренко, A. Magklara, N. Kucirkova, L. Rodriguez секілді зерттеушілердің еңбектері талданды. Эмпирикалық кезеңде байқау, бақылау, салыстырмалы сипаттау, диагностика әдістері қолданылып, тәжірибелік және бақылау топтарымен жұмыс жүргізілді. Эксперимент барысында мультисенсорлық әдістер (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сипап сезу, иіс сезу, тактильді әрекеттер) негізінде ұйымдастырылған жұмыс балалардың сөздік қорын белсендіру, сөйлем құрау шеберлігін қалыптастыру, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдану және сөйлеу мотивациясын арттыруда оң нәтиже берді. Мақалада мультисенсорлық әдістердің баланың тілдік дамуындағы интегративтік және дамытушы әлеуеті ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, олардың мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізудің перспективалық мүмкіндіктері тұжырымдалады.</jats:p>