Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланады. Құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік және аралас оқыту ұғымдарының мағынасы, құрылымы мен мазмұны кеңінен қарастырылады. Сондай-ақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілік құрылымына талдау жүргізіліп, зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми-педагогикалық дереккөздер зерделенеді. Болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды. Берілген шарттарға сәйкес болашақ мұғалімнің өз мүмкіндіктері мен мақсаттарын, күшті жақтары мен қабілеттерін білу, оны реттеу тетіктерін белсендіру, сыни тұрғыдан талдау қажет екендігі айтылады. Зерттеудің мақсаты – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда аралас оқыту модельдерін қолданудың педагогикалық шарттарын анықтау. Зерттеу міндеті – құзыреттілік пен аралас оқытудың теориялық негіздерін талдау, аралас оқытуды тиімді қолданудың педагогикалық шарттарын негіздеу болып табылады. Аралас оқыту негізінде білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру процесін жекелендіруге мүмкіндік беруі, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етуі талданды. Бұл әсіресе мұғалімдердің кәсіби дайындығы аясында маңызды. Дегенмен, аралас оқытуды сәтті енгізу мұғалімдердің инновациялық технологияларды пайдалануға дайындығы, тиісті техникалық инфрақұрылымның болуы, сондай-ақ әдістемелік қолдау сияқты белгілі бір педагогикалық жағдайларды талап етеді. Аралас оқыту модельдерін қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу – білім беру процесінің сапасын арттыруда және педагогика саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда қажетті қадам болатындығы негізделді. Зерттеу нәтижесінде шолу жасалған ғылыми мақалалар мен әдебиеттерді талдау аралас оқытудың бетпе-бет оқытуды, өзін-өзі оқытуды және онлайн оқытуды біріктіретініне көз жеткізілді. Аралас оқытуды қолдану мұғалім мен білім алушының өзара әрекеттесуі, оқу материалының таралуы мен олардың өзара әрекеттесуі сияқты оқу элементтері арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне әкелетіні анықталды.</jats:p>

Show More

Keywords

кәсіби аралас мен оқытуды педагогикалық

Related Articles