Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының топырағының галоиндикациялық құрамы зерттелді. Зерттеу барысында аудандағы әртүрлі геоморфологиялық аймақтардан алынған топырақ үлгілерінің минералдылығы, электрөткізгіштігі және қышқылдылық көрсеткіштері анықталып, олардың негізінде топырақтың тұздану дәрежесі мен типі бағаланды. Лабораториялық талдаулар нәтижесінде аудандағы топырақ үлгілерінің басым бөлігінде қауіпті деңгейден төмен тұз концентрациясы анықталды. Алынған мәліметтер негізінде ArcGIS бағдарламасының көмегімен Қазығұрт ауданының ландшафттық және геохимиялық аудандастыру карталары, сондай-ақ галоиндикациялық көрсеткіштер картасы жасалды. Зерттеу нәтижелері антропогендік факторлардың топыраққа тигізетін әсерін және тұздану үрдісінің кеңістіктік таралу ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, топырақтың құнарлылығын сақтау және оны ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану үшін ұсыныстар берілді. Зерттеу қорытындылары аймақтың экологиялық тұрақтылығын арттыруға және жер ресурстарын ұтымды басқаруға бағытталған ғылыми негіз қалыптастырады.</jats:p>

Show More

Keywords

және Зерттеу Қазығұрт ауданының галоиндикациялық

Related Articles