Abstract
<jats:p>Мақалада қазақ, өзбек, қырғыз, түрік топонимдері атауларының өзгеру себептерін анықталған. Түркі онамастика мәселелерін туыстас тілдердің материалы негізінде салыстыра зерттеулер жоқтың қасы. Түркі халықтары онамастикалық атаулардың кісі есімдері, жер-су, халық, ру атаулары туыстас тілдердің материалында арнайы қарастыру қазіргі кезде өзекті мәселесі болуы тиіс. Мақалада түркі тобына енетін халықтардың орналасу территориясындағы топонимдердің қалыптасуы және дамуы, бір-бірімен көршілес жатқан елдердің жер-су атауларының өзгеруіне қатысты факторлар қарастырылған. Жер-су атаулары тарихи түрде пайда болуы мен дамуы тарихи сипатқа ие құбылыс. Олардың қалыптасуы белгілі бір аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тарихымен тығыз байланысқандықтан атаулардың тамыры ежелгі дәуірден бастау алады. Топонимдер уaқыт өткен сaйын әртүрлі себептермен ұмыт болуы, өзгертілуі және жаңа атаулармен толықтырылуы мүмкін. Бұл шектес жатқан мемлекеттер шекарасының топожүйелеріндегі атаулардың араб-парсы, иран, моңғол, орыс элементтерінің әсерінен өзгеру себептерін зерттеудің өзектілігін анықтады, өйткені лингвомәдени құндылығы бар кез келген топонимикалық жүйе үшін қалыптасу мен дамуының тарихи-мәдени контексін зерттеу маңызды. Зерттеу материалының теориялық және практикалық маңызы бар. Жер-су атауларының өзгертілуіне себеп болған факторлар элементтерін зерттеу бұрын өткен этникалық көші-қонды және шекаралас аумақтарда тұратын әртүрлі этностардың өзара әрекеттесу процестерін түсінуге ықпал етеді. Зерттеудің негізгі әдістері ретінде сипаттамалық талдаулар және салыстырмалы тарихи талдау әдістері де қолданылады. Тарихи әдісті қолдана отырып, байырғы атаулардың пайда болуымен бірге жаңа атаумен толықтырылуын, өзгеруін және ерекшелігін байқауға болады. Мақаланың мақсаты — шекаралас республика аймақтардың топоатауларының қалыптасуы, өзгеруі, жаңа атау берілуі, оның қолданысқа түсуі және дамуы: тұтастай алғанда, жиналған материалды жүйелі тарихи-лингвистикалық зерттеу. </jats:p>