Abstract
<jats:p>Мақалада Алаш әдебиетіндегі азаттық идеясының поэтикалық репрезентация құбылысы жан-жақты қарастырылады. Репрезентация термині әдебиеттану саласына философия, психология, лингивистикадан енген, пәнаралық байланыста қолданылатын көп мағыналы ұғым. Дегенмен репрезентация ұғымын әдебиеттану саласында кірістіріп, кешенді түрде талдауға арналған еңбектердің жеткіліксіздігі байқалады. Бұл зерттеудің мақсаты — Алаш әдебиеті кезеңіндегі әдебиүдерістің даму сипаты, поэтикалық қызметін айшықтай отырып, азаттық идеясының поэтикалық репрезентациясына қатысты талдаулар ұсыну. Бұған қол жеткізу үшін мұқият оқу (close reading) және герменевтикалық интерпретация, критикалық дискурс-анализ (CDA) әдістері қолданылды. Сонымен қатар репрезентация терминіне Стюард Холл, Джеймс Янг сынды зерттеушілер мен әдебиеттанушылардың берген анықтамалары талданып, әдебиетте репрезентацияның қолдануерекшеліктері жайлы тұжырымдары зерттеліп, оның мәтіндегі рөлі талдау нәтижесінде зерделенеді. Алаш әдебиеті ХХ ғасыр басында үстемшіл биліктің гегемониясына әдеби қарсылықтан туып, әдеби үдеріс қайта жанданып, әдеби поэтика, көркемдік формалар мен идеялық ықпалдастық жаңа ізденістерге жол ашты. Алаш әдебиеті өкілдерінің азаттық идеясын халықтың қоғамдық-саяси ахуалына қарай негіздей отырып, метафоралық, аллегориялық, символдық, мифопоэтикалық жәнесакралдық образдар негізінде репрезентациялау көркем мәтін қуатын, қызметін тереңірек зерттеуге, оның мағыналық ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлы, Ғ. Қараш шығармашылығынан алынған мысалдар негізінде репрезентацияның көркем мәтіндегі қолданыстары қарастырылды. Репрезентацияның негізгі ниет, танылу, сілтеме шарттары арқылы шындыққа деген автордың көзқарасының астарлы бейнеленуі және ол форма менмазмұнның бірлігінде көрініс табуы сарапталады. Алаш поэзиясында азаттық идеясы көркем репрезентацияның басты өзегіне айналып, отарлық дискурстың символдық бейнелері мен еркіндік метафоралары арқылы ұлттың рухани қарсылығы мен тәуелсіздік мұратын танытады. Репрезентация автордың шындыққа деген көзқарасын тарихи сілтемелер арқылы көркем бейнелей алатындығы, көркем мәтіндердің ортақ бірлік құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі, оқырманның шығарманы тану қабілетін арттырып, мәтінді жан-жақты түсінуге ықпал ететіндігі зерделенеді. Мақалада репрезентация арқылы автордың ойы мен нысанын тану, тарихи сілтемелер арқылы тарихи шындықтың көркем бейнелену қызметі көрсетіледі. Алаш әдебиетіндегі азаттық идеясының поэтикалық репрезентациясын талдау ел әдебиетінің көркемдік-эстетикалық дамуы мен бүгінгі әдеби теориялық парадигмалар арасындағы сабақтастықты көрсетуге мүмкіндік береді. Мақала авторы бұл зерттеу Алаш әдебиеті өкілдерінің шығармашылығындағы азаттық идеясының мәнін бүгінгіҚазақстанның ұлттық санасы мен рухани тәуелсіздігі тұрғысынан айқындауға үлес қосады деп үміттенеді.</jats:p>