Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада корпустық лингвистиканың өзекті мәселелерінің бірі — тілдік корпустың репрезентативтілігі теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеуде репрезентативтілік ұғымының ғылыми мазмұнын айқындалып, оған қойылатын негізгі талаптар жүйеленді және осы талаптардың Қазақ тілінің ұлттық корпусы (ҚТҰК) материалында жүзеге асудеңгейі талданады. Тілдік корпус белгілі бір мақсатта ұйымдастырылған, метабелгіленіммен және тілтанымдық аннотациялармен қамтамасыз етілген электрондық мәтіндер жиынтығы ретінде сипатталып, оның тілдің нақты қолданыстағы динамикалық бейнесін танытатын дереккөз екені көрсетіледі. Осы тұрғыдан репрезентативтілік корпустың ғылыми құндылығын, тілдік жүйені шынайы бейнелеу мүмкіндігін және зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ететін басты сапалық параметр ретінде бағаланады. Зерттеу барысында талдау, сипаттау, салыстыру әдістері қолданылды. Корпустық лингвистика зерттеушілерінің ғылыми еңбектері сараланып, соның негізінде корпус репрезентативтілігіне қойылатын сегіз негізгі талап айқындалды: стиль мен жанрдың әралуандығы, стильдік және регистрлік теңдік, аймақтық қамту, диахрония, әлеуметтік стратификация, мәтін көлемінің жеткіліктілігі, метадерек пен құжаттама, мәтіннің нақтылығы.Зерттеу нәтижесінде Қазақ тілінің ұлттық корпусының құрылымы қазақ тілінің функционалдық қабаттарын қамтуға бағытталғаны анықталды. Негізгі корпус пен арнайы ішкорпустар арқылы көркем, публицистикалық, ғылыми, ресми-іскери, ауызша, тарихи, поэтикалық және терминологиялық мәтіндер жүйеленгені байқалды. Сондай-ақ регистрлік теңгерімнің толық сақталмауы, әлеуметтік метадеректердің бірізді берілмеуі сияқты бірқатар мәселенің бары анықталып, диахронды және аймақтық қабаттардың әлі де толықтыруды қажет ететіні көрсетілді. Репрезентативтілік тілдік корпустың формальды белгісі ғана емес, оның ғылыми жарамдылығын, практикалық маңызын және тілдің шынайы қолданысын дәл бейнелеу мүмкіндігін айқындайтын басты қағида екені тұжырымдалды. Репрезентативті корпус тіл білімінің түрлі салаларындағызерттеулерге, сөздік жасауға, білім беру ісіне және тіл саясатын ғылыми негізде жоспарлауға сенімді эмпирикалық база бола алады. Мақалада ҚТҰК-нің жанрлық және стильдік тұрғыдан біршама жүйеленген ұлттық цифрлық ресурс екені, алайда заманауи коммуникация мәтіндерін, әлеуметтік желі, чат-коммуникация, жастар тілі сияқты инновациялық ғылым салалары материалдарын көбірек енгізу қажеттігі де атап көрсетіледі. Сондай-ақ корпус көлемінің ұлғаюы сапалық теңгерімменұштасқанда ғана оның ғылыми әлеуеті артатыны, метадеректік жүйені тереңдету мен стратификациялық параметрлерді кеңейту болашақта қазақ тілінің толыққанды эмпирикалық бейнесін ұсынатын жоғары деңгейдегі ғылыми корпус қалыптастыруға мүмкіндік беретіні негізделеді. Бұл тұжырымдар корпустық лингвистиканың теориялық базасын нығайтып, ұлттық корпус құру ісінің әдіснамалық бағдарларын одан әрі нақтырақ айқындайды. </jats:p>

Show More

Keywords

және ғылыми корпус тілінің ұлттық

Related Articles

PORE

About

Connect