Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы отарлау әрекетінің қазақ жазба әдебиетіне әсері жайлы мол дерек ұсынылды. Бұл саясатқа қызмет еткен Н.П. Остроумов, С.М. Граменицкий, А.Е. Алекторов пен И.Н. Ильминский сияқты миссионерлердің іс-әрекетіне тоқталып, олар туралы нақты зерттеулерге сүйенеді. Авторлар империяның ұлттық болмысқа жасаған қиянатын ұлт зиялылары сезініп, оғанқарсы тұрудың бір-ақ жолы халықтың көзін ашып, сауатты ету идеясы болғанын әдеби шығармалар арқылы дәлелдейді. Атап айтқанда, мақалада отарлау саясатына қарсы әрекет жасаған ақындар шығармалары жайлы деректер ұсынылып, империалистік саясаттың зардабын ерте сезінген ұлт зиялыларының әдеби портретін жасау негізгі мақсат ретінде қойылған. Сөз өнері арқылы патша зұлымдығына қарсы тұрып, елді батпақтан шығаруды көздеген ақын-жыршының бүгінге дейін ғылыми айналымға түсіп үлгермеген шығармаларын тарихи-салыстырмалы, әдеби талдау әдісі, жүйелеу және саралау әдістерін пайдалана отырып талдау жүргізілді. Мақалада зерттеу нысанына алынған тағы бір нысан — орта ғасырлардан бастап ХХ ғасыр басына дейін жалғасқан әдеби дәстүрдің бірі — нәзирагөйлік туралы мәлімет беріліп, аталған дәстүрдің тарихи дамуы мен түркі халықтары оның ішінде қазақ әдебиетіне жасаған әсері жайлы сөз етіледі. Атап айтқанда, сюжеттер, тақырыптар және форма мен мазмұн жағынан ХХ ғасыр басындағы ақындар шығармаларына негіз болған ортағасырлық жәдігерлер бұқара халықтың санасына назира дәстүрімен жазылған шығармалар арқылы сіңісіп отырғанын дәлелдейді. Қазақ жазба әдебиетінде иман негіздері мен шариғат шарттарын өлең арқылы ел жүрегіне жеткізген Майлықожа ақын, Шәді ақын, Мәделі ақын, Нұралы ақын, Жүсіпбек ақын, Ақыт ақын сынды тұлғалар оны ұтымды пайдаланғаны жайлы мол фактілер бар. Әрине, бұл фактілердің бәрін бір зерттеу мақаласында келтіру мүмкін емес. Осыны ескере отырып, Империяның отарлау саясатының зұлымдық оқиғаларын барынша суреттеуді мақсат еткен, ақын Молда Мәди Меркішұлының «Тухфа-и жумхурият» (Республикаға сый) атты тарихи дастаны мен Мәмбетұлы Қалыбай ақынның «1853-1866 жылдарында орыс әскерінің Түркістанға жасаған басқыншылығы» атты шығармалары негізгі объект ретінде таңдап алынды. Ал, бұқара халықтың ауыр хәлін, патшаның әділетсіз заңдарын шығармаларында ашық көрсетіп, халықты оянуға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы, Әріп Тәңірбергенұлы, Мақыш Қалтайұлы, Нұржан Наушабайұлы, Ергөбек Құттыбайұлы сынды ақындар өлеңдерін, қазақ жерінде жүргізілген отаршылдық саясатының сойқанды көріністерін салыстырмалы зерттелді.</jats:p>

Show More

Keywords

ақын мен ғасыр жайлы жасаған

Related Articles