Abstract
<jats:p>Қазіргі білім беру парадигмасының басым бағыты білім алушыны пассивті ақпарат тұтынушысы деңгейінен шығарып, оны білімді өз бетінше меңгеруге, ғылыми тұрғыда талдауға және практикалық қызметте тиімді қолдануға қабілетті субъект ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дала практикасы болашақ географтарды дайындауда шешуші рөл атқарады, өйткені ол білім алушыларға теориялық білімді нығайтуға ғана емес, сонымен қатар географияны сәтті оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды дамытуға жағдай жасайды. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу-дала практи- касында педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибесі кеңейіп келе жатқанымен, олардың енгізілуі мен қолданылуы әлі де әркелкі сипатта жүзеге асуда. Осыған байланысты, мақалада дәстүрлі әдістерді қазіргі білім беру талаптарына сәйкес толықтыру негізінде педагогикалық және цифрлық технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. География ғылымы мен педагогиканың өзара ықпалдастығы аясында оқу-далалық практиканы ұйыдастыруда аталған технологияларды интеграциялау білім беру тиімділігін арттырудың маңызды тетігі ретінде зерделенді. Дала практикасында қолданылатын цифрлық құралдар, интерактивті әдістер, студентке бағдарланған технологиялардың тиімділігі талданды. Халықаралық ғылыми зерттеулер мен эксперименттік деректерді талдау негізінде педагогикалық әдістерді қолдану білім алушылардың кәсіби даярлығы мен практикалық дағдыларын дамытуда жоғары тиімділікке ие екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде құзыреттіліктердің негізгі аспектілері анықталып, олардың даму деңгейі эксперименттік және бақылау топтары негізінде салыстырылды. Нәтижелерді талдау негізінде инновациялық дала практикасының моделі әзірленіп, педагогикалық және цифрлық технологияларды кешенді интеграциялаудың тиімділігі ғылыми тұрғыда дәлелденді.</jats:p>