Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада Қазақстанның инклюзивті және арнайы білім беру жүйесі жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеу халықаралық ғылыми еңбектер мен отандық зерттеулерге және әдістемелік құжаттарға негізделген теориялық-талдамалық шолу түрінде жүргізілді. Мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жіктемесіне сәйкес үш тобына бойынша жасанды интеллект технологияларының қолданылу мүмкіндіктері мен бағыттары талданды. Адаптивті оқыту жүйелері, интеллектуалды оқыту платформалары, көмекші коммуникациялық құралдар және деректерге негізделген мониторинг технологияларының психологиялық-педагогикалық қолдауды күшейтуге ықпалы сипатталды. Талдау шет елдегі жасанды интеллектіні арнайы білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесі мен қазақстандық арнайы білім беру практикасының қазіргі жағдайы арасында айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанда эмпирикалық зерттеулер мен нақты білім беру контексіне бейімделген жасанды интеллект шешімдері әлі де жеткіліксіз деңгейде дамыған. Осыған байланысты зерттеудің ғылыми жаңалығы жасанды интеллект құралдарын Қазақстанда қабылданған ЕББҚ бар балалардың классификациясына сәйкес жүйелеу және оларды әртүрлі білім беру қажеттіліктеріне сай педагогикалық қолдау құралы ретінде қарастыру. Алынған нәтижелер жасанды интеллект технологиялары педагогтің кәсіби рөлін алмастырмайтынын, керісінше білім беруді қолдау жүйесінде инклюзивтілікті арттыратын, оқытудың тиімділігі мен тең қолжетімділігін күшейтетін қосымша құрал ретінде қолдану мүмкіндігін көрсетті.</jats:p>

Show More

Keywords

білім беру мен жасанды және

Related Articles

PORE

About

Connect