Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада әдеби герменевтика көркем шығарманы интерпретациялаудың тиімді әдісі ретінде қарастырылды. Жаңа гуманитарлық білім беру аясында білім алушылардың әдеби мәтінді терең түсініп, жеке көзқарас тұрғысынан интерпретациялауға үйренуі аса өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі білім беру жүйесінде білім алушылардың көркем мәтінді тек мазмұндап қана қоймай, оны терең түсініп, мәнін интерпретациялауға үйренуі — басты талаптардың бірі. Дәстүрлі түсіндіру әдістері әдебиетті оқытуда білім алушылардың жеке пікірін, шығармашылық ойлауын толық ашуға жеткіліксіз. Осы орайда, герменевтикалық талдау — мәтіннің мағынасын ашу мен түсіндіруді мақсат ететін ілім ретінде әдебиет сабақтарында оқырман мен мәтін арасындағы диалогты дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты — герменевтикалық талдауды көркем шығарманы интерпретациялаудың тиімді әдісі ретінде негіздеу және оны әдеби білім беру процесінде қолданудың ғылыми-әдістемелік мүмкіндіктерін айқындау. Зерттеудің негізгі идеясы — әдеби білім беруде заманауи тәсілдерді қолдану арқылы оқырмандық қабылдауды қалыптастыру жолдарын қарастыру. Бұл зерттеу көркем мәтінді түсіндіру мен интерпретациялаудың заманауи әдісі ретінде герменевтикалық талдаудың маңызын айқындайды. Мақалада оқырманның мәтінді қабылдау және түсіну деңгейлері, көркем шығарманы қабылдаудағы танымдық компоненттер, сондай-ақ көркем шығармаға талдау жасау мен интерпретация үдерістерінің айырмашылықтары айқындалған. Сонымен қатар мақалада эмпирикалық зерттеу жасалынып, сандық, сапалық, статистикалық талдау жүргізілді. Эмпирикалық зерттеуге Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың филология факультетінің 3-4 курсында оқитын студенттер (n = 52) қатысты. Жиналған сауалнама деректері SPSS 26 бағдарламасының көмегімен өңделді.</jats:p>

Show More

Keywords

білім көркем әдеби ретінде мәтінді

Related Articles

PORE

About

Connect