Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі білім беру кеңістігінде білім алушылардың академиялық мотивациясына әсер ететін факторларды анықтау маңызды ғылыми бағыттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, гендерлік рөлдер мен стереотиптердің оқу үдерісіне ықпалын зерттеу ерекше мәнге ие. Аталған зерттеудің мақсаты — гендерлік рөлдер мен стереотиптердің білім алушылардың академиялық мотивациясына ықпал ету ерекшеліктерін анықтап, бұл құбылысты теориялық және эмпирикалық тұрғыда негіздеу. Зерттеу жұмысы сандық зерттеу тәсілдеріне сүйене отырып, сипаттамалық және салыстырмалы бағытта жүзеге асырылды. Зерттеуге жоғары оқу орындарында білім алып жүрген 556 білім алушы қатысып, олардан алынған жауаптар талдауға негіз болды. Алынған мәліметтер JASP статистикалық бағдарламасының көмегімен өңделіп, нәтижелерді талдау барысында сипаттамалық статистика әдістері, тәуелсіз іріктемелерге арналған t-тест және бір факторлы дисперсиялық талдау (ANOVA) қолданылды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер білім алушылардың дәстүрлі гендерлік рөлдік үлгілерді толықтай қабылдай бермейтінін, дегенмен жекелеген гендерлік стереотиптердің әлі де көрініс табатынын көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы гендерлік рөлдер мен стереотиптердің білім алушылардың академиялық мотивациясына ықпалы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі аясында эмпирикалық тәсілдер негізінде жан-жақты қарастырылуымен сипатталады. Зерттеу аясында алынған қорытындылардың тәжірибелік маңызы жоғары оқу орындарында гендерлік сезімталдық пен инклюзивтілік қағидаттарына негізделген білім беру ортасын дамытуға, оқытушылардың кәсіби- педагогикалық қызметін жетілдіруге, сондай-ақ білім алушылардың оқу уәждемесін күшейтуге бағытталған нақты ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

білім гендерлік алушылардың стереотиптердің оқу

Related Articles

PORE

About

Connect