Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада жоғары сынып биологиясын оқыту барысында мұғалімдердің күрделі тақырыптармен жұмыс істеу тәжірибесі мен қолданған әдістемелік стратегиялары талданған. Зерттеу сапалық контент-талдау әдісі арқылы Қазақстанның алты өңірінен 40 мұғалімнің сұхбаттық деректеріне сүйене отырып жүргізілді. Мұғалімдердің жартысы қала, жартысы ауыл мектептерінен қатысты. Ең күрделі деп танылған бағыттар — генетика, биохимия және энергия алмасу, молекулалық биология, координация және нейрофизиология тақырыптары қарастырылды. Нәтижелер күрделіліктің терминологиялық, когнитивтік және пәнаралық сипатта екенін көрсетті. Мұғалімдер бұл қиындықтарды жеңілдету үшін визуализация, 3D модельдеу, аналогия мен метафора, тәжірибелік және жобалық оқыту әдістерін, сондай-ақ қалыптастырушы бағалау тәсілдерін үйлестіріп қолданған. Бұл стратегиялар күрделі биологиялық ұғымдарды нақтылау мен оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуда тиімді екені дәлелденді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы — биология мұғалімдерінің әдістемелік икемділігінің күрделі мазмұнды меңгертудегі жүйелік рөлі алғаш рет эмпирикалық тұрғыда сипатталды. Нәтижелер педагогикалық тәжірибені жетілдіру мен мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесін дамытуда практикалық мәнге ие.</jats:p>

Show More

Keywords

күрделі мен және оқыту қолданған

Related Articles