Abstract
<jats:p>Ғылым дамуының қазіргі кезеңінде математикалық модельдеу әртүрлі нақты үдерістерді зерттеудің негізгі әдіснамалық тәсілдерінің бірі, ал математикалық модельдеу әдістемесі ақпараттық технологиялардың өзегіне айналды. Бұл физиканың дамуы математикалық модельдеу әдіснамасының пайда болуы мен жетілдірілуінің қажетті шарты болғандықтан, бұл әдіснаманы оқыту физиканы, әсіресе теориялық физиканы зерттеу аясында тиімді жүзеге асырылуы мүмкін. Университетте теориялық механиканы оқытудың өзіндік қиындықтары бар, бұл пәннің өзі студенттердің қабылдауы мен түсінуі үшін қиын. Теориялық механика физикалық құбылыстарды сипаттау мен зерттеуге математикалық аппаратты қолдану арқылы физика мен математика арасындағы логикалық байланысты қамтамасыз етеді. Теориялық механика курсын сәтті игеру үшін студент физика және математика бойынша мықты білімге ие болуы керек. Теориялық механика мен математиканы пәнаралық интеграциялаудың тиімді құралы математикалық модельдеу әдісі екені аян. Мақалада теориялық ме- ханиканы оқыту үдерісінде математикалық модельдеу әдісін қолдану қарастырылған. Механикалық құбылыстар мен заңдарды түсінуді тереңдету үшін математикалық модельдерді оқу процесіне біріктірудің маңыздылығы атап өтілді. Математикалық модельдеудің негізгі компоненттері сипатталған. Теориялық механиканың көптеген мәселелерін шешу дифференциалдық теңдеулерді шешуге байланысты болғандықтан, жұмыста механикалық процестер мен құбылыстардың дифференциалдық теңдеулерін құруға аналитикалық көзқарас сипатталған. Динамикалық есептерді шешу үшін математикалық модельдеу әдісін қолдану мысалдары келтірілген. Теориялық механиканы оқытуда осы әдісті қолдану мәселелері және оларды шешу жолдары ашылады. Теориялық механиканы оқытуда математикалық модельдеу әдісін қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.</jats:p>