Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазіргі білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі — болашақ биология мұғалімдерінің экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру арқылы олардың кәсіби даярлығын жетілдіру мәселесі ғылыми негізде қарастырылады. Жаһандық экологиялық дағдарыс, тұрақты даму талаптары және ҚазақстанРеспубликасының стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер аясында мұғалімнің кәсіби рөлінде экологиялық компоненттің маңызы арта түсуде.Осыған байланысты педагог кадрларды даярлау жүйесінде теория мен тәжірибені интеграциялай отырып, экологиялық зерттеу барысында болашақ мұғалімдердің экологиялық құзыреттілігінің деңгейін бағалауға арналған төрт бөлімді сауалнама(танымдық, құндылықтық-мотивациялық, іс-әрекеттік және кәсіби блоктар)негізінде эмпирикалық диагностика жүргізілді.Университеттің биология мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижелері олардың теориялық дайындықтары жеткілікті болғанымен, практикалық әрекеттер мен кәсіби-әдістемелік тұрғыда айтарлықтай олқылықтардың бар екенін көрсетті.Экологиялық ұғымдар мен заңдылықтарды білу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болғанымен,нақты іс-шараларға қатысу,экологиялық жауапкершілік пен кәсіби мотивацияның жеткіліксіздігі байқалды.Аталған қайшылықтарды шешу үшін авторлар болашақ биология мұғалімдерінің экологиялық құзыреттілігін кешенді әрі жүйелі қалыптастыруға арналған құрылымдық-функционалдық модель ұсынды.Бұл модель төрт өзара байланысты блоктан тұрады:концептуалды, концептуалды-теориялық, процессуалды-технологиялық, нәтижелі-бағалау.Әр блок экологиялық құзыреттіліктің компоненттерін—білім, құндылық, әрекет және кәсіби дайындық—өзара байланыста қарастыра отырып, студенттердің жеке және кәсіби даму траекториясын айқындайды.Зерттеу нәтижелері мен әзірленген модель болашақ биология мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жаңа деңгейге көтеруге, білім мен тәрбие беруде экологиялық құндылықтарды басым етуге, сондай-ақ педагогикалық білім беру мазмұнын стратегиялық бағытта жаңғыртуға нақты үлес қосады.</jats:p>

Show More

Keywords

экологиялық кәсіби мен білім болашақ

Related Articles