Abstract
<jats:p>Мақалада білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талданған. Білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы білім беру тәжірибесінің барлық салаларына әсер ететін маңызды және сөзсіз процесс екендігі мақаланың өзектілігін айқындайды. Оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жағдайында педагогтер цифрлық дәуірдің жаңа сын-қатерлері мен талаптарына дайын болуы тиіс. Бұл болашақ педагогтерде тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар цифрлық құралдармен және платформалармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Демек жоғары оқу орындарында осы құзыреттерді дамытудың теориялық және тәжірибелік тәсілдерін зерттеу қазіргі заманғы педагогикалық білім беру үшін өте өзекті. Мақаланың мақсаты — болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіну, оны шешу келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылады: педагогика мен психологиядағы әртүрлі теориялық тәсілдерді ескере отырып, «цифрлық құзыреттілік» ұғымын теориялық талдау, болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігінің құрылымдық аспектілерін негіздеу, әдістемелік тәсілдер негізінде болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілік деңгейін тәжірибелік тексеру. Зерттеу нәтижелері бойынша авторлар заманауи педагогтің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру оның білім беру ұйымдарындағы кәсіби қызметінің сәттілігінің негізгі аспектілерінің бірі деген қорытынды жасайды. Бұл заманауи білім беру процесін құру үшін цифрлық құралдарды тиімді пайдаланатын шебер педагогтың қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі.</jats:p>