Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Соңғы онжылдықта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім беру жүйесіндегі реформалардың басым бағыттарының біріне айналды. Функционалдық сауаттылық — білім алушылардың меңгерген білімдері мен дағдыларын академиялық ортада ғана емес, күнделікті өмірлік жағдайларда да тиімді қолдана алу қабілеті. Осы тұрғыда бастауыш мектеп оқушылардың оқу мотивациясының, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларының және функционалдық сауаттылығының негіздері қалыптасатын маңызды білім беру кезеңі. Қазақстанда «білімді функционалдық тұрғыдан қолдану» бастауыш білім берудің негізгі мақсаттарының бірі ретінде айқындалғандықтан, мұғалімдердің функционалдық сауаттылықты дамыту тәжірибесіне ерекше мән беріледі. Алайда бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылыққа қатысты түсініктері мен оны дамытуға бағытталған тәжірибесі жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Мақала бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылыққа қатысты концептуалдық түсініктерін, оны дамытуға бағытталған тәжірибелерін және осы үдерісте туындайтын кедергілерді талдауға арналған. Сонымен қатар зерттеу функционалдық сауаттылықты концептуализациялау мәселесіне қатысты ғылыми талқылауды кеңейтуді көздейді. Эмпирикалық деректер сапалық зерттеу аясында жартылай құрылымданған сұхбаттар әдісі арқылы жинақталды. Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің функционалдық сауаттылыққа қатысты концептуалдық түсініктерінде белгілі бір үйлесімсіздіктердің бар екенін көрсетті. Сонымен бірге функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісінде мұғалімдердің жеке және институционалдық кедергілерге тап болатыны анықталды. Осыған байланысты алынған нәтижелер мұғалімдердің функционалдық сауаттылықты тиімді дамытуына қажетті жүйелі білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған мақсатты кәсіби дамудың өзектілігін айқындайды.</jats:p>

Show More

Keywords

функционалдық білім бастауыш мұғалімдердің сауаттылықты

Related Articles