Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада инклюзивті білім беру жүйесінде ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау ұғымының ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып, оның педагогикалық ғылым мен тәжірибе жүйесіндегі орны мен маңыздылығы анықталған. Психологиялық және педагогикалық қолдаудың мазмұнына байланысты ғалымдардың әртүрлі көзқарастары талданып, олардың негізгі ғылыми ұстанымдары жүйеленген. Мақаланың мақсаты — инклюзивті білім беру жүйесінде ата-аналарға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны, мәні мен теориялық негіздерін талдап, дамуында ерекшеліктері бар балаларды өсіріп отырған жанұяларға бағытталған мұндай қолдаудың өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориясына қатысты ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау; баланы тәрбиелеу және қоғамға бейімдеу үрдісіне бағытталған арнайы таңдалған сауалнамаларды қолдану; талдау жүргізу және диагностикалық нәтижелерді интерпретациялау; алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу және педагогикалық тұрғыдан түсіндіру. Диагностикалық құралдар ретінде бақылау, сауалнама және ата-аналармен әңгімелесу әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің қазіргі таңдағы сұраныс деңгейін сипаттайтын мәліметтер алынды. Жүргізілген зерттеуде ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдаудың теориялық үлгілері анықталып, олардың инклюзивті білім беру тәжірибесін жетілдірудегі маңызы негізделді. Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналардың белсенді араласуы ерекше қажеттілігі бар балалардың сәтті дамуы мен әлеуметтенуінің шешуші факторы екендігі дәлелденеді.</jats:p>

Show More

Keywords

психологиялықпедагогикалық және қолдаудың білім беру

Related Articles