Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақала Қазақстан Республикасы және кейбір шет мемлекеттердегі әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау тетіктеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуге және жеке тұлғаның құқықтарына конституциялық кепілдіктер мен әскери тәртіп талаптары арасындағы тепе теңдікті қамтамасыз ету бойынша тиімді жақтарын анықтауға арналған. XXI ғасырда қазіргі орын алып жатқан кез келген мемлекеттік немесе жеке қатынас түрі алдымен адам құқықтарының жүзеге асырылуымен, оларды қорғау тетіктерінің толықтығымен тікелей байланысты. Зерттеу мақсаты — шет елдердегі әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау ерекшеліктеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу арқылы тиімді құқық қорғау үлгісін анықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық, формальды-заң, жүйелік құрылымдық және адам құқықтарын қорғау бойынша тәжірибелерге талдау жүргізу әдістері қолданылды. Зерттеу аясында Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Германия, Швеция Республикаларының, Америка Құрама Штаттарының әскери саладағы заңнамаларына талдаулар жасалды. Нәтижесінде әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауда ведомстваішілік, соттық, парламенттік, халықаралық бақылауды қамтитын көпдеңгейлі құқық қорғау үлгісінің тиімділігі анықталып отыр. Қазақстан мен Ресейде адам құқықтарын қорғау үлгісі көбіне әкімшілік, орталықтандырылған негіздегі тетіктер басым болса, өзге мемлекеттерде тәуелсіз бақылау рөлінің маңыздылығы жоғары сипатқа ие. Зерттеу қорытындысы Қазақстан заңнамасын жетілдіру және әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудың институционалдық тетіктерін енгізуді қажеттігін нақтылайды. Адам құқықтарына қатысты заңнамаларды түзету енгізу және қорғаудың тиімді шараларын енгізу тәжірибелік мәнге ие.   </jats:p>

Show More

Keywords

қорғау әскери құқықтарын және Қазақстан

Related Articles

PORE

About

Connect