Abstract
<jats:p>Мақалада Қазақстан Республикасында азаматтардың білім алу құқығын іске асыру және білім беру ортасында кемсітушілікке қарсы іс-қимылдың құқықтық және әлеуметтік контексі қарастырылған. Авторлар білім беру жүйесінің тиімділігі тек педагогикалық үрдістің сапасына ғана емес, барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге байланысты екенін атап көрсетеді. Әлеуметтік экономикалық айырмашылықтар, кейбір топтардың білім беру үрдісіне жеткіліксіз тартылуы, сондай ақ төзімсіздік негізіндегі қақтығыстар кемсітушіліктің таралуына жағдай туғызатынына ерекше назар аударылған. Сонымен қатар білім беру саласын реттейтін қолданыстағы заңнама мен нормативтік актілер, инклюзивті білім беруге бағытталған ұлттық бастамалар талданды. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру саласында кемсітпеушілік қағидатын іске асыруға ықпалететін құқықтық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік-мәдени факторларға ешенді талдау жүргізу. Осы мақсатта көпдеңгейлі тәсіл қолданылды: білім беру саласын реттейтін қолданыстағы заңнама мен нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалды, инклюзивті білім беруге бағытталған ұлттық бастамалардың кейстік зерттеулері қарастырылды, сондай-ақ білім беру үрдісіне қатысушылар (білім алушылар, педагогтер және әкімшілік персонал) арасында эмпирикалық сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде кемсітушілікке қарсы нормалардың жеткілікті деңгейде нақты айқындалмауы және республикалық және аймақтық нормативтік-құқықтық актілер арасындағы үйлесімсіздік арқылы көрініс табатын елеулі құқықтық олқылықтар анықталды. Бұл жағдай білім беру үрдісіне қатысушылардың құқықтарын қорғаудың біркелкі жүзеге асырылмауына әкеледі. Авторлар нормативтік базаны жетілдіру, кемсітушілік жағдайларын мониторингтеу жүйесін енгізу және білім беру ұйымдары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара әрекетті күшейту қажеттігін тұжырымдайды.</jats:p>