Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазақ балалар поэзиясының ырғақтық трансформациясы 7-8 буынды және 11 буынды өлең өлшемдерінің мысалында зерделенген. Зерттеу жұмысында қазақ поэзиясының діңгегі саналатын аталмыш өлшемдердің ырғақтық-формалық модификациясының өзіндік ерекшеліктері талдау нысанына алынады және С. Торайғыров, Е. Елубай, М. Жаманбалинов, Қ. Жәленова, А. Естен, Қ. Мырза Әли, Б. Серікбайұлы сынды ақындардың әдеби-шығармашылық эксперименттері негізінде көрсетілді. Дәстүрлі 7-8 буынды және 11 буынды өлең өлшемдерінің ырғақтық-мелодикалық мүмкіндігі мол. Бұл өз кезегінде қазақ поэзиясының мазмұндық тұрғыдан ғана емес, формалық тұрғыдан да толысып, түрлене түсуіне жол ашты. Балалар фольклорында кеңінен қолданылған 7-8 буынды және 11 буынды өлшемдер жазба балалар поэзиясында едәуір ырғақтық, дыбыстық, мелодикалық тұрғыдан өзгеріске ұшырады. Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысында туған балаларға арналған өлең-жырлардан осыны айқын аңғаруға болады. Мақалада қазақ балалар поэзиясының формалық-ырғақтық трансформациясы дәстүр және жаңашылдық категорияларының аясында ашылады. Қазақ өлең құрылысы бұған дейін зерттелгенімен, балалар поэзиясының құрылысы әлі күнге дейін жеке зерттеу нысанына алынған емес. Осы тұрғыдан алғанда, бұл мақалада қазақ балалар поэзиясының ырғақтық модификациясы алғаш рет арнайы қарастырылады. Бұл зерттеу әдебиеттанушылар, өлеңтанушылар мен фольклортанушыларға қазақ балалар поэзиясындағы ырғақтық-интонациялық ерекшеліктерді тереңірек талдауға көмектеседі, сондай-ақ қазақ поэзиясының құрылымдық өзгерістерін зерттеуге қажетті әдістемелік негіз қалыптастырады. Сонымен қатар зерттеу материалдары мектеп бағдарламасында балалар поэзиясын оқытуда, оқу-әдістемелік құралдар мен әдебиет оқулықтарын әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін. Қазіргі қазақ ақындары мен балалар әдебиеті авторлары үшін бұл зерттеу балалар поэзиясындағы дәстүрлі және жаңа ырғақтық-интонациялық жүйелерді тиімді пайдалану жолдарын көрсету арқылы шығармашылық ізденістеріне бағыт-бағдар береді. Жалпы, зерттеу нәтижелері қазақ балалар поэзиясындағы дәстүрлі өлшемдердің жаңаша түрленуі, интонациялық жүйенің күрделене түсуі сияқты ғылыми тұжырымдарды ұсынады. </jats:p>

Show More

Keywords

балалар қазақ поэзиясының буынды және

Related Articles