Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада қазіргі қазақ әдебиетіндегі детективті повестердің жанрлық ерекшеліктерінің мәселелері қарастырылған. Авторлар детектив жанрының қазақ әдебиетіне қалай енгенін, оның дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін зерделейді. Қазақ әдебиетіндегі детективті шығармалардың әлеуметтік және психологиялық аспектілеріне, сюжет құрылымына, кейіпкерлердің мінез-құлқының ерекше белгілері талданған. Сонымен қатар қазіргі қазақ жазушыларының детектив жанрын пайдалану тәсілдері, жанрдың ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа тақырыптар мен мәселелерді қозғау жолдарының қажеттілігі анықталып, негізделген. Жүргізілген зерттеу негізінде қазіргі қазақ детективтері қылмыс пен тергеу, әділет пен бұрмалаушылық сияқты күрделі әлеуметтік мәселелерді ашып көрсетумен қатар, оқырмандарға терең философиялық ойлар ұсынуды болжайды. Жанрдың дамуы мен кеңеюі барысында кездесетін қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы пікірлер ұсынылған. Тақырыпты зерттеу барысында, талқылауға алынған детективті повестер: А. Аймағамбет «Бұрылысқа жарты қадам қалғанда» (2023), М. Анарбекұлы «Шымкенттегі шырғалаң» (2021), А. Хонж «Екеудің көлеңкесі» (2021), Е. Паевская «Адъюторы» тәрізді республикалық детективті шығармалар байқауының жүлделі орындарға ие болған повестерді салыстыру, жүйелеу, жанрлық-типологиялық, тарихи-салыстырмалы, талдау әдістері қолданылды. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі детективті повестеріндегі жанрлық ерекшеліктерін талдау мақсатында жазушылардың шығармалары мысалға алынып, өзара салыстыра талданды. Қазақ повестеріндегі мистикалық сарын мен шытырман оқиғаға құрылған детективті шығармаларға жанрлық-типологиялық талдау жасалды. Қазіргі повестердегі детективті шығамаларды талдауда қазақ әдебиетіндегі детектив жанрынан алынған мысалдармен салыстырылды. Республикалық әдеби бәйгелерде топ жарған жоғарыда аталған повестерді Джордж Довтың кезеңге бөлген схемасы бойынша талданды. Келесі қорытындылар жасалды, қазіргі қазақ әдебиетіндегі детективті повестер жанрлық тұрғыдан ерекшеленіп, жаңа бағыттарға ие болып келеді. Мақалада жүргізілген жанрлық-типологиялық талдау мен тарихи-салыстырмалы зерттеу детектив жанрының қазақ әдебиетіне қалай енгенін, оның ерекшеліктерін және қазіргі кезеңдегі дамуын көрсетеді. Мистикалық элементтер мен шытырман оқиғалардың қосылуы детектив жанрына жаңа сипат беріп, оқырманды қызықтыратын жаңа формада көрініс табуда. Жазушылардың шығармаларында жанрдың классикалық ерекшеліктері мен ұлттық ерекшеліктердің үйлесімділігі байқалады. Бұл зерттеу қазақ әдебиетінде детектив жанрының болашақта одан әрі дамуына ықпал етіп, оны терең түсіну мен зерттеуге мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

мен қазақ детективті детектив қазіргі

Related Articles