Abstract
<jats:p>Мақалада медиалингвистика саласының пайда болуы факторлары мен зерттеу аясы сипатталған. Отандық тіл біліміндегі дәстүрлі баспасөз тілі зерттеулерінің бағыттарына шолу жасай отырып, олар аталмыш бағыттың медиалингвистика саласының дамуының алғы шарттары ретінде бағаланады. Заманауи сандық медиатехнологиялардың дамуына орай тілі білімінің жаңа бағыты болып қалыптасқан медиалингвистика мәселелерінің пәнаралық интегративті түрде зерттелуі пайымдалған. Медиамәтіндердің типологиялық классификациясын анықтаудың межелері мен медиатілдің функционалдық стилін зерттеу қажеттілігі атап көрсетілген. Мақалада медиадискурсты зерттеу бағыттарын зерделей келе, когнитивті-концептуалдық бағыттың дамып келе жатқаны, сонымен қатар, медидискурстың өзекті мәселелерге қатысты ақпарат бере отырып, оқырманға бағалауыштық медиабейнесінің үлгіленетіні қаржылық дағдарысына қатысты медиакорпусты талдау негізінде дәйектелінген. Телевизиялық жаңалықтар макроқұрылымдық деңгейде талданып, дискурстық белгілері мен жаңалықтар тілінің эмоционалды экспрессивті бағалауыштық тілдік құралдардың қолдануы, грамматикалық трансформациялар, функционалды стилистикалық және мәдени аксиологиялық белгілері сипатталған. Қазақ және ағылшын телеарналарындағы телевизиялық жаңалықтардың оқылу жылдамдығы көрсеткіштерін айқындай отырып, осыған байланысты ілеспе аудармада туындайтын мәселелерге назар аударылады. Медиалингвистиканың бір бағыты болып табылатын медиааударманың прагматикалық, тілдің әлеуметтік және лингвомәдени аспектілері бойынша ғылыми еңбектерге шолу жасап, киноаударма мәселелері талқыланып, өзекті зерттеу бағыттары айқындалған. Заманауи сандық мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып қазақ тілінен шетел тілдеріне аудиовизуалды медиаөнімдерді аудару үшін жеткілікті көлемде аударма нұсқалар қорын жинақтау қажеттігіне назар аударылған.</jats:p>