Abstract
<jats:p>Мақала қазақтың материалды емес мәдени мұрасының, рухани болмысының элементі – қазақтың дәстүрлі халық емшілігіне арналады. Мақалада қазақтың шипагерлік тәжірибесіндегі нышандарға мәдени және антропологиялық талдау жүргізіледі, бұл тақырыптың мәдени бірегейлікті жаңғырту және материалдық емес мәдени мұраны сақтау контекстіндегі өзектілігін көрсетеді. Қазақ шипагерлік тәжірибесіндегі нышандарды мәдени және антропологиялық талдау дәстүрлі емдеу әдістерінің негізінде жатқан мәдени кодтарды және олардың қазақ халқының күнделікті өміріндегі маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты - қазақтың шипагерлік тәжірибесінде қолданылатын нышандардың мәдени және антропологиялық маңыздылығын анықтау, сондай-ақ олардың қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мен трансформацияланудағы рөлін зерттеу. Зерттеу тұмар, от және қамшы сияқты нышандарды қазақтың шиапгерлік тәжірибесі контекстінде зерттеуге бағытталған. Олардың зұлым рухтардан қорғаудағы, ауруларды емдеудегі және рухани тепе-теңдікті сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылады. Мақаланың теориялық-әдістемелік базасы Дж. Фрезердің және Б.Малиновскийдің антропологиялық теорияларына, Ө. Тілеуқабылұлының, Ш. Уәлиханов, Р. Мұстафина және С. Кантарбаеваның этнографиялық зерттеулеріне, сондай-ақ Қ. Айдарханұлы, о. Әбдірахман, А. Өтегенованың заманауи қолданбалы жұмыстарына негізделген. Зерттеудің теориялық құндылығы қазақтың емдік тәжірибесінің мәдени және символдық аспектілерін түсінуді тереңдету, сондай-ақ олардың шаманизммен, түркі наным-сенімдерімен және ислам дәстүрлерімен байланысын анықтау болып табылады. Зерттеуде семиотикалық талдау, сипаттау, салыстыру әдістері, этнографиялық және мәдени-антропологиялық тәсілдер қолданылады. Сапалы мазмұнды талдауды қолдану емдік тәжірибеге қатысты архетиптер мен мифологиялық тақырыптарды ашты. Зерттеу нәтижелері қазақ халқының дәстүрлі білімін сақтау және насихаттау үшін, сондай-ақ осы білімді заманауи ғылыми және практикалық тәсілдерге біріктіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Емдеу тәжірибесіндегі нышандар мен рәсімдерді зерттеу ұлттық бірегейлік пен мәдени сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді, бұл әсіресе қазіргі мәдени әлеуметтік өзгерістер жағдайында маңызды. Түйін сөздер: қазақтың шипагерлік тәжірибесі, нышан, рәсім, тұмар, үкіаяқ, от, аластау, желұшық, қамшы</jats:p>