Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Осман империясы мен Түркістан байланысындағы саяси қатынастардың идеологиялық негіздері қарастырылады. Османлы элитасы Ресей империясының билігіндегі түркі-мұсылман халқына ықпал ету құралы ретінде қолдануға тырысқан панисламизм мен пантүркизм тұжырымдамаларында көрсетілген түркілік идеологияның қалыптасуындағы алғышарттарға назар аударылады. Османлы қоғамындағы саяси өзгерістерге байланысты түркілік идеяның мазмұнының жаңаша сипат алуы, түркі халықтары мен мұсылман қауымына бағытталған пантүркизм идеяларының мақсаттары және жүзеге асыру тетіктері талданады. Зерттеу жұмысында Османлы билігінің практикалық қадамдары: эмиссарларды жіберу, діни әдебиеттерді тарату, білім беру байланыстарын дамыту және жәдидшілік қозғалыс өкілдерімен идеологиялық диалог құруы қарастырылды. Ресей империясының отарлық саясаты жағдайында Түркістандағы жәдидшіл зиялылардың саяси идеяларға деген реакциясы мен қатынасы зерттеледі. Сонымен қатар, мақалада Түркістанның мұсылман зиялыларының реакциясы, олардың Османлы бастамаларын қабылдауы, түрік идеяларын отарлық бақылау жағдайында бейімдеуге деген ұмтылысы бағаланды. Осман мемлекетінің діни насихат, білім беру, дипломатиялық және идеологиялық ықпалының аспектілері заманауи зерттеулер негізінде талданды. Осман империясының сыртқы саясатындағы түркілік идеологияның рольі және түркі әлемінің ортақ діни-мәдени құндылықтары негізінде Осман империясы мен Орта Азия арасындағы өзара мәдени-рухани және саяси ықпалдастықтың тарихи маңызы ашып көрсетіледі.</jats:p>

Show More

Keywords

мен және Осман саяси Османлы

Related Articles