Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Мақалада империялық кезеңде қалыптасқан тарихи-мәдени құндылықтардың қазіргі ғылыми дискурстағы орны мен олардың қайтарылу мәселесінің тарихнамалық дамуы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – репатриацияға қатысты теориялық ұстанымдар мен практикалық тәжірибелердің эволюциясын, халықаралық құқықтық құжаттар мен музейлік саясаттың рөлін және мәдени мұраға қолжетімділікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін талдау. Зерттеу әдістемесі тарихнамалық шолу, салыстырмалы-тарихи әдіс, контент-талдау, жүйелік-құрылымдық тәсіл және библиографиялық талдау әдістерін үйлестіре қолдануға негізделді. Ғылыми жаңалығы – мәдени мұраға қолжетімділік ұғымын тек репатриация шеңберінде ғана емес, сонымен қатар мәдени, этикалық және символдық мәнге ие халықаралық әріптестік форматтарында кешенді түрде қарастыруда. Мақалада ЮНЕСКО-ның 1970 жылғы Конвенциясы мен 1995 жылғы UNIDROIT Конвенциясының рөлі, постколониялық сын, «әмбебап музей» концепциясының трансформациясы және заманауи музейлердің provenance-зерттеулер жүргізу тәжірибесі қарастырылған. Сонымен қатар, зерттеуде кеңестік және отандық ғалымдардың еңбектері (И. Неуступный, И. Бенеш, В. Глузинский, В. Грицкевич, П. ван Менш) талдана отырып, музейтанудың теориялық-методологиялық дамуы мен оның қазіргі ғылыми дискурстағы орны қарастырылды. Зерттеулер көрсеткендей, әлем музейлері бұрынғы отар елдермен серіктестікті арттырып, бірлесіп көрмелер жасап, уақытша көрмеге эксонаттарды беру, цифрлық репатриация және көпдауысты кураторлық жобаларды іске асыру арқылы мәдени әділеттілік пен өзара түсіністікке негізделген байланыстар орнатуда. Бұл тәжірибелер Қазақстан үшін де өзекті, себебі шетел музейлеріндегі қазақ этнографиялық мұраларын қайтару мәселесінде дау-дамайсыз, өзара тиімді шешімдер табуға мүмкіндік береді.</jats:p>

Show More

Keywords

және мен мәдени Мақалада қазіргі

Related Articles