Back to Search View Original Cite This Article

Abstract

<jats:p>Қазіргі таңда топырақ эрозиясына (шайылуына) байланысты топырақ деградациясы өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып отыр. Бұл процестің ауқымын нақты бағалау және алдын алу шараларын әзірлеу аса маңызды. Топырақ эрозиясы - табиғи және антропогендік факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайтын күрделі процесс. Ол жердің құнарлылығын төмендетіп, ауыл шаруашылығына және ұлттық экономикаға үлкен зиян келтіреді. Шығу тегіне қарай топырақ эрозиясы екі түрге бөлінеді: жел эрозиясы (дефляция) және су эрозиясы (шайылу). Атмосфералық жауын-шашынның көп мөлшері мен жоғары қарқындылығы - су эрозиясын күшейтетін негізгі факторлардың бірі. Осы зерттеудің мақсаты - Терісаққан өзені алабындағы жауын-шашын қарқындылығы коэффициентінің (R-фактордың) кеңістіктік таралуын анықтап, оның топырақ шайылуын сандық бағалаудағы рөлін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) әдістері пайдаланылды: жауын-шашын бойынша метеодеректер интерполяцияланып, алаптың аумағы бойынша R-фактордың мәндері есептелді. Терісаққан өзенінің алабы шығыстан батысқа қарай шамамен 130 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 239 км созылып жатыр. Оның оңтүстік бөлігі - төбелі аймақ, ал солтүстік жағы - жазық, сондықтан жауын-шашын мөлшері оңтүстіктен солтүстікке қарай кемиді. Солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері 302-325 мм болса, оңтүстік бөлігінде 137-176 мм шамасында. Есептелген R-фактор көрсеткіштері де осы заңдылықты көрсетеді: солтүстік-шығыста - 151-162, ал оңтүстікте - 68-88 аралығында. Бұл көрсеткіштер жауын-шашын қарқындылығының су эрозиясының дамуына шешуші әсер ететінін дәлелдейді, әсіресе майда құрылымды топырақтар мен желді аймақтарда. Зерттеудің ғылыми маңызы-осы аумақ бойынша R-факторды есептеу арқылы топырақ эрозиясының кеңістіктік заңдылықтарын нақтылау болса, практикалық мәні - эрозия қаупі жоғары аймақтарды анықтап, тиімді қарсы шараларды жоспарлауға мүмкіндік беруінде.</jats:p>

Show More

Keywords

топырақ жауыншашын және эрозиясы қарай

Related Articles