Abstract
<jats:p>Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің дамуы инклюзивтілік, тең қолжетімділік және гуманистік қағидаларға негізделіп отыр. Инклюзивті орта – білім алушылардың жеке ерекшіліктерін ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алу үдерісіне толыққанды қатысуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл мақалада инклюзивті орта жағдайында балаларды қабылдау және оларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру ортасында балаларды қабылдау үдерісінің ерекшеліктерін анықтау және тиімді қолдау тетіктерін ғылыми тұрғыда негіздеу. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, сауалнама және жартылай құрылымданған сұхбат әдістері қолданылды. Сауалнама жалпы білім беру ұйымдарында қызмет ететін педагогтер мен болашақ мұғалімдер арасында жүргізілді. Сауалнамаға 32 респондент қатысты. Нәтижелер инклюзивті ортада балаларды табысты қабылдау үшін педагогтердің инклюзивті құзыреттерін дамыту, ата-аналармен жүйелі ынтымақтастық орнату және психологиялық қолдау қызметін күшейту қажеттігін көрсетті. Зерттеу нәтижелері негізінде инклюзивті ортада балаларды қабылдау мен психологиялық-педагогикалық қолдаудың үшдеңгейлі құрылымдық моделі ұсынылды. Инклюзивті ортада қолдау көрсетудің жүйелі моделі балалардың әлеуметтік бейімделуіне, оқу мотивациясының артуына және эмоционалдық жай-күйінің тұрақтануына оң әсер ететінін дәлелдейді. Зерттеу қорытындылары инклюзивті білім беру тәжірибесін жетілдіруге және педагогтердің кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Түйін сөздер: инклюзивті орта, балаларды қабылдау, психологиялық қолдау, педагогикалық қолдау, ерекше білім беруді қажет ететін балалар.</jats:p>